Жолдарымыз жөнделе бастады

Елімізде бастау алған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ұзындығы 277 шақырым Атырау-Астрахан тас жолы күрделі жөндеуден өтеді. Оны Ислам даму банкі қаржыландырмақ. Биыл басталатын құрылыс 2020 жылы аяқталады деп күтілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте   облыс-тық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Қайрат Нұртаев айтты.

қоғам

Бұдан басқа республикалық маңызы бар 893 шақырымдық «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы» автокөлік жолының 552 шақырымы біздің облыс аумағынан өтеді. Оны жаңғырту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларын жасақтау үшін алдыңғы жылы 380,5 млн. теңге бөлінсе, былтыр 228,2 млн. теңге игерілген. Сол сияқты, «Ақтөбе-Атырау» тас жолының 155 шақырымы да «Азия Даму банкінің» қаржыландыруымен қайта жөнделуі  басталып кетті.

Брифинг қонағы аудандардағы жолдардың да жай-күйін айналып өтпеді.

— Махамбет ауданында 2014 жылы Жайық өзені арқылы өтетін көпір құрылысы басталған-ды. Сондай-ақ, ұзындығы 317 шақырымды құрайтын облыстық маңыздағы «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» жолы да жаңғыртылуда. Оның ішінде, «Миялы-Сағыз» учаскесі 2013 жылы пайдалануға берілсе, «Қарабау-Миялы» бөлігіндегі жұмыстар республикалық бюджет есебінен атқарылуда.

Бір қуантарлығы, биыл Қызылқоға ауданының Қаракөл, Тасшағыл, Қарабау мен Махамбеттің Бейбарыс, Сарайшық, Алмалы ауылдарының кірме және ауылішілік жолдары жөнделе бастады. Ал, Сағыз, Мұқыр, Аққала, Ынтымақ, Есбол, Елтай, Көктоғай, Жаңа Жанбай, Зинеден, Томан, Доссор, Мақат, Бәйге-төбе ауылдары мен «Жас Өркен» балалар лагеріндегі жолдарды жаңғырту үшін құжаттар дайындалуда, — деді бас-қарма басшысы.

Одан әрі журналистер көкейдегі са-уалдарын жолдады.

— Биыл қандай жолдар пайдалануға берілмек?

— Жылыой ауданында күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Құлсары-Ақкиізтоғай» (31 км) мен Құлсары қалаішілік жолдары (25 км) биыл аяқталады. Сондағы Құрсай өзегінің үстінен Сариев пен Нұғманов көшелерін жалғайтын жаңа көпір салынбақшы. «Ақмешіт» мәдени-тарихи кешеніне апаратын жолды жөндеуге қатысты да құжаттар толтырылып жатыр.

«Ганюшкин-Приморье-Утера-Котяевка-Шортанбай» жолының 29-47 шақырымы күрделі жөнделмек. Оған қоса, Ганюшкин, Дәшін, Орлы, Нұржау, Ақкөл, Приморье және Утера ауылдарының ішкі жолдарын жаңғырту жұмыстары да бітуге таяды.

— Атырау қаласының көшелеріне тас жол төсеу жалғасын таба ма?

— Жергілікті бюджеттен жол құрылысына 7 млрд. 800 млн. теңге және күрделі жөндеу жұмыстарына 3 млрд. 986 млн. теңге бөлінді. Облыс орталығындағы 1593 шақырымдық 1781 көшенің 948-і асфальтталды. Енді 79 көшеде жұмыс жүруде.

— Жолдардың сапасы қандай деңгейде?

— Ертерек салынған жолдарда шұңқырлар пайда болып, жабындысы бүлінген. Заманауи технология күшімен салынып жатқан қазіргі жолдарда мұндай кемшіліктер  жоқ. Егер жол сапасыз жөнделген болса, мердігер мекеме оны өзі түзетуі тиіс.

Амандық САҒЫНАТЙҰЛЫ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*