ЕХРО қонағы – Головкин

Халықаралық EXPО-2017 көрмесі аясында әлемдік бокс жұлдыздарының жекпе-жегі өтеді. «Астана ЕХРО – 2017» ұлттық компаниясының Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті таратқан мәліметтен белгілі болғанындай, көрме ұйымдастырушысының штаб-пәтеріне WBC Конвенциясының туы  тапсырылды.

1QblQl87MfE

Көрме аясында өтетін былғары қолғап шеберлерінің кездесуі 31 тамыз бен 9 қыркүйек аралығына жоспарланған. Оған қазіргі әлем чемпиондары мен осы атаққа үміткерлер, меценаттар, менеджерлер мен промоутерлер, барлығы – 500-ге жуық делегат қатысады. Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин  көрме келушілеріне аты аңызға айналған әлемдік бокс жұлдыздарын өз көзімен көру мүмкіндігі беріліп отырғанын айтады.

«WBC жетекшілігі Астана төрінде өнер көрсетуге тілек білдірген боксшылардың тізімін жіберді. Оның ішінде Флойд Мейвейзер, Мэнни Пакьяо, Майк Тайсон, Мұхаммед Әлидің қызы Лайла  бар. Сонымен бірге, WBC белдіктерінің қазіргі және бұрынғы иегерлері, даңқты чемпиондар келмекші. Әлем чемпиондарының арасында аты аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің де сапары күтілуде» деді Ерлан Бекхожин.

Халықаралық ЕХРО-2017 көрмесінің басты оқиғасына айналатын  жекпе-жек әлемнің қырықтан астам елінде трансляцияланатын болады.

            Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*