Депутаттар Сенат депутаттығына Ғұмар Дүйсембаевтың кандидатурасын ұсынды

Атырау облыстық мәслиxатының XII сессиясында «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Нұрлыбек Ожаев ағымдағы жылдың маусым айында өтетін Парламент Сенатының депутаттығына аймақтан облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаевтың кандидатурасын ұсынды.

photo_58092

Ғұмар Ислямұлының соңғы бес жылда облыста атқарған жұмыстарын, соның ішінде аймақтың индустриалды-инновациялық дамуына, ауыл шаруашылығы жобаларының жүзеге асуына, ірі құрылыстардың сапалы жүруіне атсалысып, қосқан үлесін жоғары бағалаған депутаттық корпус бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Сессияға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа кандидатқа сәттілік тіледі. — Ғұмар Ислямұлы өздеріңізбен бірге бес жылдың үстінде қоян-қолтық жұмыс жасады. Оның білімін, біліктілігін, қабілетін, адамгершілік қасиеттерін жоғары бағалап, сенім артып жатырсыздар. Біз де сенім үдесінен шығады деп сенеміз. Ғұмар Дүйсембаевқа сайлауалды кезеңдегі жұмыстардан абыройлы өтуіне тілек білдіремін, — деді облыс басшысы.

Халық қалаулыларының   қарауына түскен екінші мәселе — Атырау облысы әкімдігінің дербес құрамына өзгеріс енгізу болды. Мәслихаттың шешімен, Атырау облысы әкімдігінің дербес құрамынан Тимуржан  Шәкімов шығарылып, оның орнына Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сүйіншәлиев енгізілді.

Айгүл Ертілеу

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*