Болашақ ғалымдар көрмесі

Атырау «Білім-инновация» лицейінде тәжірибелік жұмыстар, түрлі ғылыми жаңалықтар мен интеллектуалдық ойындар арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру және оқушылар арасында өзара тәжірибе алмасу мақсатында облыстық білім көрмесі өтті.

Білім

Аталмыш шараға  облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев қатысып, ғылымға құштар шәкірттерге сәт-сапар тіледі. Әбу Насыр әл-Фараби, Авиценна, Геродот, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Исаак Ньютон, Альберт Эйнштейн болып киінген лицей шәкірттері көрмеге келушілерді қарсы алды.

Білім2

Жас химиктер химиялық реакцияларын, жас биологтар тәжірибелерін, ал, жас физиктер зертханалық жұмыстарын көрсетіп, интеллектуалды ойын ойнады. Көрме жұмысына мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

Гүлзада РАХМЕТҚЫЗЫ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*