«Жастар идеясы: экспо-2017»

Осындай тақырыпта Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында ғылыми-тәжірибелік студенттер конференциясы өтті. Конференцияның ашылу салтанатында сөз алған институттың ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, профессор Киікбай Жаулин шараның жастар үшін рөлі зор екеніне тоқталды.

DSC00170

«ЭКСПО көрмесі –дүниежүзілік экономикалық жаhандық ауқымды оқиға. Біздің болашағымыз – жастардың қолында,  сондықтан сіздердің тың идеяларыңыз бен ойларыңыз, биік мақсаттарыңыз еліміздің өркендеп, қанат жаюы үшін аса қажет», — деді ол.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының маманы Фархат Тілеков биылғы жылы өткізілетін  халықаралық көрменің ерекшеліктерін атап айтты.

Студенттер «ЭКСПО-2017» еріктілерін дайындаудағы лингво-аударма аспектілері» тақырыбында Индира Сағымбаева, «Жастар идеясы: медицина мен денсаулық сақтау саласындағы ақпарат-коммуникативтік технологиялар» бойынша Жұлдыз Жапарова баяндамасын ұсынса,  Азамат Мизамов «ЭКСПО-2017 – елдіктің ерен жеңісі», Ақтоты Амантаева «Күн энергетикасы — жасыл энергетика» тақырыптары бойынша пікірлерін ортаға салды.

Екінші бөлімде жастар ғылыми-инженериялық, жаратылыстану бағыттары бойынша әңгімеледі. Конференцияның қорытындысында аталмыш институттың ректоры Ерсайын Ихсанов үздік баяндамашыларды Алғыс хатпен және ректорлық сыйақымен марапаттады.

Нұргүл Ысмағұлова

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*