Daily Archives: 15.11.2017

Атырау қаласында 327 оқушы дін жолында жүр

ЕАС 002

Ата-аналары дін жолында жүргендіктен, олардың балалары да осы дәстүрге бет бұратыны белгілі. Бүгінде Атырау қаласындағы мектептерде білім алып жүрген 327 оқушы дін жолында жүрсе, соның 156-сы қыз, 171-і ұл бала. Ал, басынан орамалын шешпейтін 39 қыз сабаққа мүлде қатыстырылмауда екен. Сондай-ақ, дін жолында жүрген отбасылардың 14 баласы әлі іздестірілу үстінде. Олар ата-аналарымен бірге Қазақстан территориясынан шығып кеткені белгілі болып отырған ...

Read More »

2018 жылы Жайық өзенінің үстінен тірексіз көпір ашылады (ФОТО)

photo5215209342939277554

Атырау облысында 2018 жылы Жайық өзені арқылы өтетін тірексіз көпір құрылысы аяқталады. Махамбет ауданында салынып жатқан көпір жаңа көлік дəлізін құруға жəне облыс орталығын кептелістен азайтуға мүмкіндік береді. Құрылыс барысын  облыс əкімі Нұрлан Ноғаев тексерді,-деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Read More »

Атырауда «Келін» қойылымының премьерасы өтті (ФОТО)

ЕАС 036

Махамбет атындағы облыстық драма театрының ұжымы жерлес жазушы, драматург Есенжол Домбаевтың «Келін» атты мұңды комедиясының премьерасын қойды. Атынан ба, затынан ба, әйтеуір, көрермен өте көп жиналды. Әсіресе, жастар жағы басым.

Read More »

Сағыздықтар өз күшімен көпір салды

ФОТО - ҚЫЗЫЛҚОҒА

Сағыз ауылдық округінің тұрғындары Ноғайты өзенін кесіп өтетін көпір тұрғызып алды. Игі істі ұйымдастырушылардың бірі, зейнеткер Ізім Таспановтың айтуынша, бұл көпір өзеннің екі жақ бетінде орналасқан тұрғындарға әсіресе, мектеп оқушыларына қолайлы болмақ.

Read More »

Атырауда әкімшілік құқық бұзушылықтарды бір жүйеге біріктіретін пилоттық жоба жүзеге асуда

photo5215209342939277544

Облыста «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» жүйесінің пилоттық жобасы жүзеге асуда,-деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Read More »

Дәрі-дәрмекті сатып алу онлайн режимде жүргізіледі

ФОТО - ДӘРІ

«СК-Фармацияның» 2018 жылға арналған дәрілерді сатып алу тендерлік рәсімдері толықтай онлайн тәртіпте көрсетілетін болады. Бұл туралы ҚазАқпарат аталған компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Read More »

Мектептерге автобус сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 120 млн. теңге бөлінді

photo5215209342939277488

Атырауда мектептерге автобус сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 120 млн. теңге бөлінді. Ал биыл тағы да қосымша 9 мектепке автобус алынды,-деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Read More »

Атыраудағы Назарбаев мектебіне 7-сыныптан бастап оқушыларды қабылдау басталады

НИШ ХБН Атырау (8)

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 7-сыныптан бастап 2018-2019 жаңа оқу жылына оқушыларды қабылдау басталатынын хабарлайды. Конкурстық іріктеуге үміткерлерден құжаттарды қабылдау 2017 жылдың 27 қарашасынан бастап, 2018 жылдың 20 қаңтарына дейін жүргізілмек.

Read More »