Daily Archives: 11.10.2017

Қазақстанда 60 мыңнан астам әскери қызметші баспаналы болады

ФОТО - ӘСКЕРИЛЕР

Қазақстанда 60 мыңнан астам әскери қызметші баспаналы болады. Сөйтіп жабық әскери қалашықтар мен заставаларда тұратын әскерилерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі шешілмек. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров мәлім етті,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Read More »

Айтыскер ақын Шалқарбай: «Менің жүлдем күллі Атырау халқының жеңісі»

maxresdefault

Жастайынан  аудандық, облыстық, республикалық айтыстарда жүлде алып, аудан намысын абыроймен қорғап жүрген Шалқарбай Ізбасаровтың есімі айтыссүйер қауымға жақсы таныс. Соңғы екі жылда Жүрсін Ерман жүргізетін республикалық дәрежедегі аламандарға қатысып жүрген Шалқарбай шайыр жақында тағы бір сүйінші жаңалықпен қуантып отыр.

Read More »

Талғайраң ауылында туризм күніне орай қалалық біріншілік өтті (ФОТО)

IMG-20171007-WA0418

Талғайраң ауылында спорттық бағдарлау және белсенді туризмнен қалалық ашық біріншілік өтті. Шараны «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты, аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығы мен Атырау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған.

Read More »

Атыраулық жас әнші Санат Асуат Македониядан жеңіспен оралды

anu-9087

Биыл Македонияның Прилеп қаласында «Звездочки» атты халықаралық музыкалық балалар байқауы өткізілген-ді. Оған қатысқан жас әнші Санат Асуат Бас жүлдені қанжығасына байлады. Сөйтіп, атыраулықтардың үкілі үмітін зор абыроймен ақтап шықты.

Read More »

Қ.Қайненов: «Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы жазуға да, оқуға да ыңғайлы»

ФОТО - Қ.ҚАЙНЕНОВ

Қилымғали Қайненов, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы: — Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жөніндегі жұмыс тобының Ақордада Мемлекет басшысының қабылдауында ұсынған нұсқасы оқуға да, жазуға да ыңғайлы. Жалпы, әліпби ауыстыратын ұлт үшін екінші нұсқа қолайлы. Өйткені, диграфпен таңбаланған әліпби үлкен сынға ұшырады емес пе?!

Read More »

«Жаңа әліпби жобасында қазақ тілінің үндестік заңдары ескерілген»

ФОТО - Ж.МҰХАМБЕТОВ

Жомарт Мұхамбетов, филолог: — Ақордада мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерін қабылдаған Елбасы қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартында қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстардың ескерілгенін айтуы да тегін емес.

Read More »

Ә.Әбішев: «Латын әліпбиіне көшу – келешек ұрпақ үшін маңызды»

ФОТО - Ә.ӘБІШЕВ

Әли Әбішев, Атырау мұнай және газ университетінің ректоры: — Біз, атыраулық оқытушылар қауымы қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасын толықтай қолдайтынымызды жеткізгіміз келеді. Қалай десек те, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру – бүгінгі қоғам талабы.

Read More »