Daily Archives: 09.10.2017

Атырауда «ақылды қала» жобасы жүзеге асады

88692191

Биыл еліміздің «мұнайлы астанасы», шырайлы шаһар, өндірісті өңір, қазыналы өлке, жыр мекені, күй елі, ару Атырау қаласының құрылғанына 377 жыл толып отыр. Күн санап көркейіп келе жатқан қала тарихы тереңде жатыр. Алғашында Ақ Жайықтың жағасынан Үйшік болып кірпішін қалаған кішкентай қалашық бүгінде қарасаң көз тоймайтын сәулеті мен дәулеті келіскен сұлу шаһарға айналды.

Read More »

Екі бірдей басқармада – жаңа басшы (ФОТО)

ЕАС 003

Бүгін облыс активінің кезекті жиналысы өтті. Онда облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ өз өкімімен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалған Мақсот Сайполұлы МҰҚАНОВТЫ таныстырды. Бұған дейін аталған лауазымдық қызметті атқарып, таяуда ғана Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалған Сырым Мұрат Рысқалиевке абыройлы қызметі үшін алғысын білдірді.

Read More »

Әлеуметтік желіде отырып, жөнсіз ар-намысқа тигендер жауапқа тартылады

150327093708_internet_laptop_624x351_pa

Бүркеншік атпен монитордың арғы жағында отырып алып, қоғамға жөнсіз тіл тигізетін ғаламтор пайдаланушылары бұдан былай заң алдында жауап бермек. Бұл туралы еліміздің ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов хабарлады.

Read More »

Атырауда тұрғындардың қауіпсіздігін бақылау мақсатында 134 үйге бейнекамера орнатылады

foto-podezd

Облыс орталығында тұрғындардың қауіпсіздігін бақылау мақсатында жаңа жоба жүзеге асырылмақ. Ол – «бұлттық бейнебақылау» жүйесі. Сөйтіп, 134 үйге осындай 1294 заманауи бейнекамера орнатылады деп жоспарланып отыр.

Read More »

«100 жаңа оқулық» жобасына қатысты атыраулық профессор-оқытушылар өз ұсыныс-пікірлерін жолдады

BestInvestingBooks-670x328

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын ұсынған болатын. Әлемнің үздік еңбектерін қазақ тіліне аудару мәселесін Атырау мұнай және газ университетінің оқытушылары мен студенттері де қызу қолдайтындықтарын жеткізді.

Read More »