Daily Archives: 02.10.2017

Атыраудан тұңғыш мұғалімдер съезіне қатысқандарды білеміз бе?

Тұңғыш мұғалімдер копия

Суретте – сол кездегі Гурьевте тұңғыш рет 1958 жылы өткен мұғалімдер съезінің қатысушылары. Алдыңғы жағында есімі елге белгілі Қатира  Дүтбаева, Cара Мұсағалиева сынды атақты ұстаздар мен қоғам қайраткерлері тұр. Олардың қатарында сол кездегі жас маман, география пәнінің мұғалімі Балтабай Қабдолов та бар. Сол съездің делегаты, осы тарихи суретті редакциямызға жолдаған Балтабай Дарышұлының айтуынша, алғашқы педагогтар жиынында оқулықтарды жаңарту, жалпы білім ...

Read More »

Атыраудағы ауруы асқынған Айсұлуға тез арада көмек керек (ФОТО)

ANU_8838

Атыраулық Айсұлу Жалғасбаева он жылдан астам уақыт бойы өкпе туберкулезімен ауырып келеді. Жасы 28-ге келген бойжеткеннің денсаулығы соңғы алты ай ішінде тым нашарлап кетті. Қазір тіпті, күнделікті ас қабылдауға да шамасы келмейді. Жалғыз қызын жамандыққа қимайтын ана жүрегі ақ халаттылардың қатал үкіміне сенгісі жоқ. Қалай болса да, емдеп шығуға ниетті.

Read More »

Күйді эстрада бағытында орындау – оны қорлаумен тең

EAC4799

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы елімізге қозғау салғаны ақиқат. Ұлттық құндылықтар мен руханиятымызды дамыту мақсатында дәстүр мен жаңашылдықты сабақтастыра отырып, ұлтымыздың өзіне тән келбетін, салт-дәстүрі мен халық өнерін ертеңге жеткізуді нысана еткен өнер адамдары Атырау өңірінде болып, аймақтың мәдени-рухани өмірінің көкжиегін кеңейтуге өз үлестерін қосуда. Солардың бірі – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық қазақ  ...

Read More »

Атыраудағы қарттар үйінде қариялар босқа отырмайды

698F0C1E-4382-46AF-97AE-8D888F791C63_cx0_cy3_cw0_w1023_r1_s

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, яғни, қарттар үйінде қызмет алушыларды еңбекке баулу жұмысы жақсы жолға қойылған. Күнбе-күн жұмысқа жарамды қызмет алушылардың саулығы тексеріледі.

Read More »

Атырау қаласының күніне орай қандай шаралар өтеді?

avtodorozhnyj-most-cherez-ural-atyrau-10

Жыл сайын қазан айын атыраулықтар  асыға күтетіні белгілі. Себебі, 14 қазанда Атырау қаласының күні тойланады. Осынау атаулы мерекеге орай жергілікті әкімдік бірқатар мәдени-көпшілік шараларын ұйымдастырып отыр. Сонымен, қала күніне орай қайда, не өтеді?

Read More »

Атыраулық журналистер Астраханнан олжалы оралды (ФОТО)

IMG_1226

28-30 қыркүйекте Ресейдің Астрахань қаласында Каспий маңы елдерінің медиафорумы өтті. Басқосуға Әзірбайжан, Иран, Ресей мен Қазақстанның БАҚ өкілдері, белгілі саясаткерлер мен қаржы-экономика саласының мамандары қатысты. Қазақстандық делегацияны негізінен атыраулық ақпарат құралдары мен өңірлік коммуникация қызметінің мамандары құрады.

Read More »

Қарызға алынған қыз жасауынан жас отбасы береке таппайды

«Қалыңсыз қыз болса да, кәдесiз қыз болмайды». Бұл кішкене күнімізден құлағымыз жиі естіп, санамызға сіңіп қалған ұғым. Ата-ананың мойнындағы парыз саналатын бұл дәстүрден халқымыз қай заманда да қол үзген жоқ. Асылында, «қыз жасауы» – отау тiккен жас жұбайлардың үй тұрмысына қажеттi заттардан ғана тұруы керек. Десек те, ата-аналардың арасында қызына затпен бірге пәтер мен автокөліктің кілтін сыйлайтындарын да көріп жүрміз. ...

Read More »

«Атырау-Ақпарат» кубогінің іріктеу кезеңінде Мақат спорт мектебі жеңімпаз атанды (ФОТО)

IMG_4760

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы басым бағыттарды насихаттау мақсатында «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігінің Кубогі үшін өткізілген шағын футболдан облыстық турнирдің Мақат ауданында өткен іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.

Read More »