Daily Archives: 10.08.2017

Қытайлықтар бір жылда екі есе көбейді

сараптама

Атырау облысында еңбек мигранттарының саны соңғы бір жылдың ішінде екі есеге артқан. Бұдан қазыналы өңірдің бүгінде үлкен еңбек қазанына айналып отырғанын көреміз. Рас, біздің жұртымыз – пейілі кең, дархан халық. Бірақ, шектен шықса, кеңшіліктің де кемшілігі болады. Осы орайда «жұмыссыз жүрген жергілікті азаматтарымызды кері ысырып, өзгені төрге шығарғанымыз қалай?» деген сауал да санамыздан кетпейді.

Read More »

Атырау қаласының тарихы 1640 жылдан бастала ма?

рухани жаңғыру Тың дерек4

«Түп-тамыры «Үйшіктен» басталды,  Атырау қаласына 376 жыл толды» деген айдармен өткен жылы бұқаралық ақпарат құралдары отарлау заманында әдейі құлағымызға сіңірілген таптаурын тіркесті тағы қайталады. Сайып келгенде, мұның өзі өткен тарихымызды терең түйсінбеуден туындаған тұжырым екені бүгінде айтпаса да түсінікті. Өйткені, қазақ тарихын Ресей көзқарасымен зерделеу санамызда әбден орнықты. Сонда қазақтың сан ғасырлық тарихы қайда, бүгінгі Атырау қаласы тарихы 1640 жылы ...

Read More »

Грант саны – 37 932!

Грант саны – 37 932!

Биыл  жоғары білім гранттарының саны 37 932-ге жетті. Бұл туралы тамыздың төрті күні жұмысын бастаған Білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссия хабарлады.

Read More »

Креативті жобалар керек

Креативті жобалар керек

Жұмысын бастағанына көп уақыт өте қоймаған Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ауқымды істердің ұйытқысы болып отыр. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруды көздейтін кеңседе аудандық ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері қызметкерлеріне арналған семинар өтті. 

Read More »