Daily Archives: 01.08.2017

Баспаналы боламын деушілердің назарына!

d5b20bbdc67e56305113618748c165c0_L

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап бұрынғы қолданыстағы тарифтік бағдарламалардың барлығын бір бағдарламаға біріктіріп жатыр. Енді төрт бағдарламаның орнын: «Бастау», «Өркен», «Кемел» және «Болашақ» – «Баспана» атты бірыңғай тарифтік бағдарлама басатын болады.

Read More »

Құлдық мінезден құтылатын емеспіз

i

Брифинг өтіп жатыр. Облыс өмірінде айтарлықтай орны бар бір департамент басшысы есеп беруде. Қатысып отырған журналистердің бірен-сараны болмаса, барлығы да қазақтар. Шараның басында есеп беруші Ата заңымыздың белгіленген бабы бойынша мемлекеттік тілде сұхбат беретінін қаперге берді және қаламгерлерден де осыны сұрады.

Read More »

Бес атыраулықтың ДАИШ лаңкестік ұйымының қатарында соғысып жүргені белгілі болды

Адаспашы, айналайын!

Жиырма тоғыз адам! Бұл – шет мемлекеттердегі күмәнді оқу орталықтарында жүрген атыраулықтардың саны. Соның ішінде 22 адам Египет Араб Республикасында, алтауы Сауд Арабиясында, біреуі Йеменде оқып жүр. Құзырлы органдар олардың барлығы да   «сәләфи» ағымының жақтастары екендігін айтады. Бұл аз десеңіз бес атыраулықтың  ДАИШ лаңкестік ұйымының қатарында соғысып жүргені белгілі болып отыр.

Read More »

«Жасыл елдіктер» иесіз тұрған жатақхананы да жөндеп берді

zhasyl-el

Ескіріп, тозығы жеткен жатақханаларды қайта жаңғыртуға атыраулық жас буын өкілдері де өз үлестерін қосты. «Upgrade» акциясы аясында алпысқа тарта «жасылелдіктер» иесіз қалған үйді жөндеуге көмектесті. Күні бойы ақтады, сырлады, бір сөзбен айтқанда, ғимаратты жаңартуға қолұшын берді.

Read More »

Бүгін республикалық «Мектепке жол» акциясы басталды

1440395051480

Облыста республикалық «Мектепке жол» акциясы басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету. Биыл қыркүйектің 30-ына дейін жалғасатын шара «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтеді.

Read More »

Жаңа оқу жылының жаңалығы неде?

жана оку жылынын

Жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық мектептер бұрынғыдай академиялық сағаттарға емес, оқушының алған білімін күнделікті тәжірибеде іске асыруына назар аударатын болады. Бұл туралы Үкіметте баспасөз-конференциясын өткізген Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.

Read More »

Жергілікті полицияның жұмысы жұртшылықты қанағаттандыра ма?

Жергілікті полицияның жұмысы-2

Жергілікті полицияның жыл басынан бергі жұмысы туралы оның басшысы Нұрым Оразбаев есеп берді. Жаңа қызметке тағайындалғалы журналистермен бірінші рет жүздескен жетекшінің айтары аз емес екен. 

Read More »