Monthly Archives: шілде 2017

Қос терек

5

Ата-жұртын ардақтай білетін, ғасырлар ізін жасырып, жылдар жылжып өтсе де ауызбіршіліктері  жарасқан, бірін-бірі алыста жүрсе аңсап, жақында жүрсе жансап жүретін іргелі әулет – Қарабала Есенұлының (1850-1932) ұрпақтары. Он екі ата Байұлының Беріш-Қаратоқай  атасынан тарайтын Қарабала Есенұлы Қызылқоға өңіріндегі  Қарабау елді мекенінде мешіт ұстаған имам, сол өңірге беделі  жүрген  адам болыпты. Қарабаладан үш ұл – Қабдырахман, Ғабдолкәрім, Нұрман (шын аты–Нұрмұхамбет) және ...

Read More »

Жарықтың жылдамдығын жолда қалдырған немесе Астанада болған алты күн

ANU_3463

Сөз басы Жуырда жұмыс бабымен Елордаға жолым түсті. Сәт санап құлпырған ару Астанаға нешінші сапарым екені есімде жоқ. Бірақ, әр көрген сайын көзді арбайтын сұлудай жаңа бір қыры мен таңсық сырын алдыңа тартатыны рас. Жарықтың жылдамдығы деген өлшемді куәге тарту күпірлік болар, алайда, осыншама алып ғимараттар мен әсем үйлерді әлдебір ертегідегі сиқыршылар салып жатқандай сезімде боласың… Осыдан санаулы жылдар бұрын ...

Read More »

Аңсаған салған суреттер

фото ансаган

Әлеуметтік тақырыпта сурет салып, әр туындысын сөйлете білетін Аңсаған Мұстафа Атырау жеріне де кеңінен таныла бастады. Оның «Мамам мені өлтіретін шығар…» атты суреті халықтың көңілінен шығып, әлемнің бірнеше тілдеріне аударылған болатын. Сондай-ақ, Аңсағанның көрмесі Астана, Алматы, Атырау және басқа да қалаларда өткізілді. Ақ пен қара түсті ғана пайдаланып қоғамдағы күйіп тұрған мәселелерді көрсетіп жүрген қылқалам шеберімен тілдескен болатынбыз.

Read More »

Тұрғындардың сана-сезімдерінің төмендегі қынжылтады

20246508_1414397978650733_5980385215605907746_n

Күні кеше ғана Жапырық пен Үлкен Ганюшкин ауылдарының арасындағы “Ягодные” өзеніне салынған жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілген болатын. Оның салтанатты жағдайда ашылғанын да жаздық. Әдемі көпірдің астындағы тіреулері, жақтаулары металл құрылғылардан жасалып үстіне асфальт төселген. Жапырақ ауылы жақ бетіндегі мінер баспалдақтары қыста тайғақ болмас үшін темір жабындымен көмкерілген. Осы жақ бетінің екі жағында әрқайсысы 25 метрден пандустар бар. Ұзындығы 90 ...

Read More »

Индер көлдері: қауіп пе, шипа ма?

20031614_494692750870555_6175905044411815938_n

Бүгінде «инстаграм», «фейсбук», «в контакте» желілерінде Индер өңіріндегі «Бұл неткен көл?» деген табиғат ғажайыбы қызу талқылануда. Расында да Атырау, Орал түгілі Ресей азаматтарының қызығушылығын туғызып, жұрттың сауық — сайран құрып демалыс орнына айналдырған бұл не көл еді. Ендеше, осы әңгімемізді тамырынан тартып көрейік.

Read More »

Шолантау тұз көлін білеміз бе?

20429974_298224083983537_7946501697878989705_n

Елбасы «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек деп, Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағының тарихта түрлі рөл атқарғанын, оларды өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзеген болатын. Міне, осындай қасиетті Дендер өңірінің табиғат берген сыйының бірі – Есбол ауылынан батысқа қарай 95-100 шақырым қашықтықта орналасқан Шолантаудағы тұз көлі.

Read More »

«Ойылым менің, ойылым, қоқысқа толды-ау қойының…»

20292688_587989454922524_7831741873027843258_n

Маусым айында басталған суға түсу науқаны шіліңгір шілде келгелі тіптен қыза түсті. Күннің ыссылығынан қорғанған аудан халқы түс ауғаннан кеш қарайғанға дейін Ойыл өзенінің жағасынан табылуда. Бір тобы өзен жағасына суға түсіп, салқындау үшін барса, енді бірі балық аулау үшін барады. Ал, ең жиі баратындар – табиғат аясына демалуға шыққандар. Олар сусындары мен тамақтарын алып, сол жерден сірне, кәуаптарын пісіріп, ...

Read More »

Ақтаудағы әскери бөлімшеден қашқан сарбаз сегіз күн емін-еркін қыдырып Атыраудан бірақ табылды

72980

Жуырда Ақтаудағы 6656 әскери бөлімінен қашып кеткен сарбаз Атыраудан табылды. Сергей Пыхалов Атырауға 19 шілде күні жолшыбай кездескен көліктермен жетіпті. Ал келесі күні оны жергілікті әскери полицейлер облыстық перзентхана маңынан ұстап алған.

Read More »