Daily Archives: 07.06.2017

Атырау мектептерінде “Өлкетану” курсы енгізілмек

nm-oRRuiiic

Бүгін Атырау облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының XXI сессиясы өтті. Сессияда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында баяндалған міндеттерді іске асыруға Ассамблеяның қатысуын ұйымдастыру және Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында берген тапсырмаларын орындау сөз болды. Жиынға ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, облыстық ассамблеяның ғылыми-сарапшылық топтары, қоғамдық келісім және аналар кеңесінің мүшелері, облыстық басқарма және аудан басшылары мен жастар ...

Read More »

Құлсары атауының сыры

keCuilq-jQA

Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласының атауы туралы «Жылыой қаламгерлері» энциклопедиясындағы Жылыой ауданының Құрметті азаматы Қален Кідібасовтың «Құлсары атауы қалай пайда болған?» деген мақаласын оқып, ойланып қалғанымыз рас. Ол кісіге ел аузындағы аңызды Илаш Батырбаева әңгімелеп беріпті. Илаш апайдың әкесі Әбілқайыр Батырбайұлының туған інісі Жүсіп бала күндерінде Құлсары бабалары туралы жиі айтады екен.

Read More »

Инсульт жасарып барады

i

Гипертония – жоғары қан қысымы ретінде инфаркт, инсульт және бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы қатерлерін арттырады. Қадағаланбаған гипертония соқырлыққа, аритмия және жүрек дертіне әкелуі мүмкін. Диабет, басқа да жүрек—қан тамыры факторлары болған жағдайда асқынулар арта түседі.

Read More »

Домбыраның «Паганиниі»

i

Қасиетті де, киелі Атырау топырағынан түлеп ұшқан қазақтың кәсіби аспаптық музыка өнеріндегі дара тұлға, республикамызға танымал үлкен өнер иесі, Астана қалалық мемлекеттік филармониясы Академиялық халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Атырау облысының  Құрметті азаматы, домбырашы-дирижер, композитор, профессор Айтқали Тілепқалиұлы Жайымов – Алаштың мақтан тұтар перзенті.

Read More »

Міндетті медициналық сақтандыру – облыс әкімінің назарында

crop_078c9c795954744a2f7eb00bc68_1466505368

Облыстық әкімдікте өткен кезекті жұмыс отырысында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев қарамағындағыларға келер жылы енгізілетін міндетті медициналық сақтандыру жүйесін тұрғындарға түсіндіру жұмысын күшейтуді тапсырды. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Read More »

Атырауда интернет-конференция өтеді

konferenciya4

Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік  қызмет істері және Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша  департаментінің  басшысының орынбасары Р.Тұңғышбаев СІЗДЕРГЕ ЖАУАП БЕРЕДІ!!!

Read More »