Атырау

Атырауда балабақшалар саны көбеюде

20161206112208

Атыраулық аналардың қуанатын күндері де алыс емес. Себебі, Бірлік ауылындағы 280 орындық, Геолог ауылының «Мирас» ықшам ауданындағы 165 орындық балабақшалар жуық арада пайдалануға берілмек. Бұл туралы қалалық тамыз кеңесінде айтылды.

Read More »

Өткен жылы Атырауға 191 оралман отбасы қоныстанды

Оралмандар туралы Ц 23.08.2017

Бұдан былай оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарын азайту немесе ұлғайтуға ұсыныс беру мәселесімен Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тікелей айналысады. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында аталған басқарма басшысының міндетін атқарушы Балдай Өтеғалиева мәлім етті.

Read More »

Мешіт қызметкерлері 100 балаға оқу құралдарын тапсырды (ФОТО)

9741 (3)

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының жүз баласына оқу-құралдарын табыстады.

Read More »

Атырауда із-түзсіз жоғалғандар көбейіп тұр

1142365 (1)

Сегіз жасында алақандай ғана жүрегі адам кейпіндегі айуанның азғын әрекетінен кейін тоқтаған Айкөркемнің есімі әлі ұмытыла қойған жоқ. «14 маусым күні Атырауда  мектеп жанындағы лагерьден келе жатқан жерінен қыз бала жоғалды» деген хабар ғаламтор  желісінде тез тараған болатын. Полиция қызметкерлерімен бірге, Айкөркемнің амандығын тілеген қарапайым қала тұрғындары да іздеу шараларына қатысқан еді. Бірақ, арада бес тәулік өткенде Айкөркемнің өлі денесі ...

Read More »

Атырауда тоғыз мектеп жаңа автобуспен қамтылды

Қалалық тамыз мәслихатынан

Қалада оқушылар тасымалына қатысты мәселе шешімін таба бастағандай. Олай дейтініміз, мектеп оқушыларын тасымалдау мақсатында қаладағы тоғыз мектеп жаңа автобуспен қамтылды. Сондай-ақ, балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету ісі биыл да жалғасын таппақ. Бұл туралы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үлесі» тақырыбында өткен қалалық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде айтылды.

Read More »

Атырауда байдарка мен аула спорты дамиды

Атырау қалалық мәслихаты сессиясынан

Атырау қаласында бұқаралық спорт түрлерін дамытуға көңіл бөлінбек. Әсіресе, соңғы кезде тасада қалып қойған байдарка мен аула спортын дамыту бағытында жұмыстар атқарылуда. Халықтың спортқа деген ынтасы жоқ емес. Жыл басынан бері түрлі деңгейдегі сайыстардан атыраулық спортшылар 152 медальды еншілеген. Бұл туралы VI шақырылған Атырау қалалық мәслихатының  XIV сессиясында сөз болды.

Read More »

Атыраулық балалар Бурабайдағы «Балдәуренде» демалып қайтты

ұрпақ

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниясында 12 жылдан бері бір игі дәстүр қалыптас-қан. Бұл – Атырау, Маңғыстау облыстарындағы аз қамтылған отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ, оқуда озат және түрлі білім бәйгелері мен өнер байқауларында топ жарған оқушы-ларға жазғы лагерьде демалуға тегін жолдама беру.

Read More »