Әдебиет

Бота көңілім боз мая іздейді енді, Балалығым бұлдырап қалған жерден…

73741f858a767af43a01fa1fe1565509

«…Алпысыншы жылдары қазақ даласын тұтас қаулай бастаған рухани тың серпілістің Атыраудағы прорабы Меңдекеш Сатыбалдиевтың қадірін бірте-бірте күллі қазақ әдеби қауымы бағалай бастады…» Әбіш Кекілбаев

Read More »

Жаһанша қайда жерленген?

4a7615a18cead05a8eea41846f08615a

Алашорда қозғалысының 100 жылдығына орай Жымпиты–Мәскеу бағытында ұйымдастырылған арнайы экспедиция Алашорда үкіметі көсемдерінің бірі Жаһанша Досмұхамедовтің қайда жерленгені туралы мәліметке қол жеткізді. Белгілі қоғам қайраткері Мәскеудегі Бутово полигонында жерленген. Аталмыш аумақ бұрын қала шетінде болса, қазір Мәскеудің ішінде қалған. Зерттеуші топ таратқан мәліметтерге сәйкес,  мұнда алты үлкен қорым бар. Бұл жерлерде саяси қуғын-сүргін жылдары жазықсыз атылған 20761 адам жерленген.

Read More »

«Мен бәйгелі жүйрікпін» (Мұрат Мөңкеұлы мұрасының кейбір мәселелері хақында)

Мухит Калимов

Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, айтулы ақын Мұрат Мөңкеұлының шығармашылығын зерттей бастағанымызға ширек ғасырдан астам уақыт өтіпті. Осы жылдар ішінде ақын мұрасы жөнінде кандидаттық диссертация қорғадық. Сонымен қатар, докторлық еңбегіміз Мұрат ақын белді өкілдерінің бірі саналатын зар заман ағымына арналды. Екі ғылыми жұмысымызға да алаштың абызы, ардақты академик Зейнолла Қабдоловтың өзі жетекшілік етті. Ол кісімен атыраулық аға-дос, білікті ғалым, жүйрік ...

Read More »

Көңілден кетпес бір бейне

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Ертеректе Орынтай Кенжетайұлын сыртынан әртүрлі  жұмыс бабындағы жиналыстарда көріп жүрдім. Тап-таза киінген, міндетті түрде галстук таққан, қолында күнделікті жұмыс блокноты болатын. Мінбеден сауатты сөйлейтін,  сұрақтарға тиянақты жауап беретін. Тіптен ғылыми-экономикалық  жаңадан қолданыла бастаған терминдерді  еркін меңгерген. Ішімнен «оқып-тергені көп шығар» деп қоятынмын. Артынан жақын танысқаннан кейін оның студенттерге көп жыл сабақ бергендігін білдім. Орекең егемендік алған кезден бастап облыс аумағында ...

Read More »

Ғасырдан да ұзақ өмір

Ғасырдан да ұзақ өмір

Уағиса Мұхтарова әжейдің есімі Құрманғазы ауданының жұртына жақсы таныс. Ғасырмен құрдас қария – тыл ардагері, соғыс ардагерінің жесірі. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпес», дегендей әжейдің көзі көрмесе де, көкірегі сайрап тұр. Ұстаздық етіп, ұрпақ тәрбиелеген әжей өлең шығарады екен. Жақында өмірі өнегеге толы қарияға облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың жолдаған Құттықтау хатын аудан әкімі Бибоз Шаяхметов Асан ауылына арнайы ...

Read More »

Қиғаштан ұшқан қарлығаш «Жансарайдың» алғашқы қонағы болды

ҚИҒАШТАН ҰШҚАН ҚАРЛЫҒАШ

«Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде рухани-мәдени «Жансарай» бағдарламасы көпшілікке жол тартты. Жергілікті ақын, филология ғылымдарының кандидаты, облыстық «Атырау» газетінің бөлім меңгерушісі  Гүлзада Ниетқалиеваның шығармашылық кешімен игі бастаманың тұсауы кесілді.

Read More »

Жалғызбасты ана мұңын тыңдайтын кім бар?

pogudx484v5r1db58.a869a046

Күн санап өзгеріп отыратын тірлікте адамзат үшін басты мұрат — ұрпақ тәрбиесі. Осынау ұлы міндет, ұлы парыз адам баласына үлкен жауапкершілік жүгін артып отыр. Сонау ғасырлар  көшіне көз жіберсек, қазақ қашан да қыз баласын төріне шығарып, «қонақ» деп күткен. «Қыз мұраты – кету» деп, оның бес күндік аумалы-төкпелі дүниедегі орнын да анықтап қойыпты.  Яғни, қыз бала кәмелетке толып, оң-солын танығасын-ақ ...

Read More »

Асылбек Астанаға барады (Әңгіме)

21065279-699

Асылбек – алғыр да ақылды бала. Биылғы жазды асыға күтті. Себебі, әр оқу жылы аяқталғанда ата-анасы оған ерекше сый жасайтын. Міне, биыл да оған «Астанада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесіне барамыз» деп уәде берген-ді. Ол үшін бар болғаны оқуды үздік аяқтау керек.

Read More »

Қазақтың көзмоншағы

2b2dc286a656c6b6f82d27ea2582132e

Мынау сары даланың басынан не өтпеді? Не көрмеді ол?! «Елім-ай» деп зарлаған, қалың қазақты аңыратқан «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»  аталған кезеңді де өткерді. Көшкен селдей, ескен желдей жылдар мен айлар тоқтаусыз ағып жатыр. Тарих керуені бағытын қалай өзгертетінін тірі пенде болжаған ба?!

Read More »