Руханият

Самат Ибраим. Орпадан басталған жол

1 фото

Суретші Табылды Мұқатов 1947 жылы Атырау облысы, Исатай ауданындағы Орпа ауылында туған. 1964 жылы Новобогаттағы (қазіргі Хамит Ерғалиев ауылы) Амангелді атындағы орта мектепті бітіріп,  «Новобогат» кеңшарында шопан болып еңбек жолын бастады. 1968 жылы Алматыдағы Гоголь атындағы суретшілер училищесін тәмамдаған, Львов қаласындағы И.Федоров атындағы полиграфия институтының түлегі. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Бүкілодақтық кітап конкурсында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған (1976 ж.), Махамбет ...

Read More »

Ақын Аманқос Ершуовтың «Кие» атты жаңа кітабы жарыққа шықты (ФОТО)

22384213_1481017731982844_4041443387553612981_o

Жақында есімі жырсүйер қауымға кеңінен таныс атыраулық ақын, «Халық ағарту ісінің үздік қызметкері», «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Жылыой ауданының Құрметті азаматы Аманқос Ершуовтың жаңа жыр кітабы оқырманымен қауышты. «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің баспасөз клубында «Ағатай» баспасынан жарық көрген туындының таныстырылымы өтті.

Read More »

ҚАЙРАТКЕР

Саламат Мукашев

Осыдан ширек ғасыр бұрын Қазақстан ата-бабамыз ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке ие болды. Тарихи өлшеммен алғанда қысқа уақыттың ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген әрі батыл саясатының арқасында демократиялық жолмен нарықтық қатынастар негізінде қарқынды дамып келе жатқан жаңа бейнедегі мемлекет болып қалыптасты. Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті, дамыған 50 елдің қатарынан орын алды.

Read More »

«Плазма физикасы» ғылымын елімізде тұңғыш меңгерген ғалымды білеміз бе?

Ғалымның дара жолы

Кез келген мемлекеттің экономикасы мен саясаты ғылыммен бірге дамиды. Тілекқабыл Рамазанов – ғылымның  «Физика», «Плазма физикасы» саласында өзіндік орны бар ғалым. Ол саналы ғұмырын осы саланы зерттеуге арнады. Әрі «Плазма физикасы» ғылымына елімізде алғаш болып жол салды.

Read More »

Исатайдың ескерткішін қалпына келтірген азаматты білеміз бе?

фото 2

Ел ырысын еселеген мұнайшылардың еңбегін бір сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қазыналы өңірдің мұнай-газ өндірісінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып үлгерген білікті мамандардың бірі – Әлібек Семғалиев. Ол – «Сазанқұрақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2011 жылдан бері бас директордың өндірістік мәселелер бойынша орынбасары.

Read More »

Фаризаның жырын оқып, смартфон ұтып ал!

Қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Халық жазушысы – Фариза Оңғарсынованың отты жырларын сүйіп оқымайтын қазақ кемде-кем шығар, сірә. Жырсүйер қауым үшін ақиық ақынның жырын оқып, сыйлыққа соңғы үлгідегі смартфон ұтып алу мүмкіндігі туып отыр.

Read More »

Бүгін Астанада Рахымжан Отарбаевтың «Бас» тарихи драмасы сахналанады

IMG-20170910-WA0026

Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры бүгін Астана қаласындағы «Жастар» театрында жергілікті уақытпен сағат 11:00-де танымал жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың Махамбеттің қасіретін толғаған «Бас» тарихи драмасын сахналайды. Қоюшы режиссері – Жанат Телтаев, қоюшы суретшісі – Темірбек Мұхтаров.

Read More »

Төлеген Айбергеновтің Атырауға сапары туралы ақиқат не дейді?

Атыраудан әкемнің

Сонау ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ өлеңіне дауылдата еніп, ақ жаңбырдай селдетіп өте шыққан Төлеген ақынның есімі халықтың аруана-бауыр дүниесімен әлдеқашан бірігіп, біте қайнасып кеткен. Отыз жасында қыршынынан қиылған қыран ақын Айбергенов поэзияда  өз қолтаңбасын қалыптастырып қана қоймай, ғасырлар тасқынына мұқалмайтын, мүжілмейтін ғажайып жыр мұнарасын тұрғызды.

Read More »

Киіз үйдегі қолтаңба

f65b13763d93015b65830e98da28cfe8

1993 жылғы қыркүйектің алғашқы күндерінің бірі еді. Индер ауданында қазақтың ақиық ақыны Мұрат Мөңкеұлының туғанына 150 жыл толуына арналған той өтіп жатты. Осы күнгі  Жарсуат ауылының маңындағы ақын кесенесі сол күндерде салынып бітті. Мен ол кезде республикалық «Жас алаш» газетінің бөлім меңгерушісі болып қызмет істейтінмін. Академик Зейнолла Қабдоловтың жетекшілігімен «Мұрат Мөңкеұлының әдеби мұрасы» деген кандидаттық диссерта-циямның тақырыбын бекітіп, Қазақ мемлекеттік ...

Read More »