700 орындық жатақхананы сыйға берді

Атырауға арнайы іссапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі Бақтияр Мәкен Дина Нұрпейісова атындағы музыка колледжіндегі жатақхана құрылысының жай-күйімен танысты. Биыл пайдалануға берілетін 100 орындық бұл нысанда шалғай ауылдардан келіп оқитын студенттер орналасатын болады.

????????????????????????????????????

Колледж директорының орынбасары Ардақ Сүндетқалиеваның айтуынша 2017-2018 оқу жылында 217 студенттің 116-сы жатақхана тапшылығын көрген. Заманауи үлгіде салынып жатқан ғимаратта студенттер үшін барлық жағдайлар қарастырылған.

Айта кету керек, Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында Атырау облысында студенттердің жатақхана мәселесін шешу мақсатында бірқатар шаралар қолға алынды. Мысалы, «ҚазТранс-Ойл» акционерлік қоғамының Батыс филиалы 700 орындық жатақханасын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне сыйға тартты. Сөйтіп, аталған оқу орны бойынша бұл мәселе толықтай шешілді. Ал, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты студенттерінің сұранысын қамтамасыз ету мақсатында арнайы жер телімі бөлініп, құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады деп күтілуде.

Эльмира ТҰҢҒАТАРОВА,

«Нұр Отан» партиясы  облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*