65 мың мемлекеттік қызметкер кешенді аттестаттаудан өтеді

2016 жылы этикалық нормаларды сақтамағаны үшін 200 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін кешенді аттестаттау» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мәлім етті.

_DSC0456

Спикердің айтуынша, биылғы аттестаттаудың бұрынғылардан ерекшелігі, ол қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін олардың кәсіби даярлығы мен мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған.

«Бұл жалпы бүгінгі қоғамның сұраныстары мен халыққа қызмет ету қағидаларына жауап беретін мемлекеттік аппарат қалыптастыру үшін қажет», – деп атап өтті А.Шайымова.

Ол сондай ақ биыл «б» корпусынан шамамен 65 мың мемлекеттік қызметкер кешенді аттестаттаудан өтетінін мәлімдеді.

«Орталық деңгейде – сарапшылардан министрлік пен ведомство департаменттерінің директорларына дейін, облыстық деңгейде – мамандардан жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың басшыларына дейін, ал аудандық деңгейде – ауыл әкімдіктерінің жетекші мамандарынан аудан әкімдерінің орынбасарларына дейін және мамандардан аумақтық орган басшыларына дейін аттестаттаудан өтетін болады», – деді агенттік төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ ол аттестаттаудан босатылатын мемлекеттік қызметкерлер туралы айтып өтті.

«Бұл санатқа декреттік демалыстағы, аяғы ауыр әйелдер, сондай-ақ 3 жасқа толмаған балалары бар әйелдер, 14 жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар мен әкелер жатады. Сонымен қатар, зейнеталды жастағы қызметкерлер, «А» корпусының кадрлық резервінде тұрғандар және мемлекеттік қызметке алғаш рет алынып, алты айдан аз уақыт жұмыс істеген қызметкерлер аттестаттаудан өтпейді», – деп түсіндірді А.Шайымова.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*