«Менің атамекенім» мұқтаж отбасыларға көмектеседі

Басты жаңалық Жаңалықтар Қоғам Әлеумет әлеуеті

Қазақстанда “Менің атамекенім” жобасы іске қосылды. Мақсат – әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету. Бұл туралы Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ мәлімдеді.

Рас, қай кезден әлеуметтік теңсіздік орын алды. Халықтың бірінің тұрмысы –  жақсы, екіншілерінікі – орташа, үшіншілері – төмен. Ал, күні кеше Астанада қаласында орын алған бес бірдей сәбидің қайғылы қазасы дүйім жұртты дүр сілкінтті. Әңгімесін осы мәселеден бастаған Эльдар Тынышбайұлы «Атамекен» ҰКП «Менің атамекенім» атты жаңа жобаны қолға алғандарын, оған кез келген әлеуметтік көмек қажет ететін адамның хабарласа алатынын жеткізді. Көпшілікке анкета тарату барысында олардан 17 мыңнан астам мәселеге өтініш түскен. Солар бойынша «Әлеуметтік мәселелер картасы» мен «Пакеттік өтініштер» жасалған. Қазіргі күнде 65 мәселе өз шешімін тауып отыр.

        – Әлеуметтік тұрғыда мұқтаж жандарды тіркеу үшін арнайы сайт ашуға келісімін берген жеке кәсіпкер Мирус Құрмашевқа алғысымызды білдіреміз, – деді Эльдар Жұмағазиев сөзінің арасында. Бұдан кейін Мирус Құрмашев жаңа интернет-порталдың қалай жұмыс жасайтыны туралы түсінік берді. Атырау қалалық мәслихатының депутаты Әлібек Семғалиев та атыраулық кәсіпкерлердің көмек қажетсінген мұқтаж жандарға барынша қолғабыс ететіндеріне сендірді. Осылайша, «Менің атамекенім» көптеген мұқтаж жанға қолұшын берер алаң болары анық. 

Лиза СЕЙТІМОВА.

7 thoughts on “«Менің атамекенім» мұқтаж отбасыларға көмектеседі

  1. МАҒАН ҚАРЖЫЛАЙ көмек керек еді ағалар.уйімде 9 адам тұрады 2 адам жұмыс жасаймыз, 4 мектеп оқитын 1 пенсионер анам. Өзім жарты жыл болды уйленгеніме әйелім жақында босанады, басымда уй жоқ.жеке өзімнің. Маған ақшалай көмек керек болып тұр қыйналып кеттім шыны керек. Жомарт жандар болса осы номерге киви кошелекке ақша жіберсеңіздер 87083729433. Рахмет Қазақ ағайындарым

  2. Салематсызба мен Ақтау қаласынан жалғыз басты ана 4балам бар өзім жұмыста жоқпын бала күтімінде отырмын əрі жалдамалы пəтерде отырмыз маған сіздерден қатты көмектеріңіз қажет (ақша керек болғасын деньги насилениеден алғаным бар оны төлеалмай отырм тағы монеуманнен де алдым рнын да проценті өсіп жатыр ақшам ауыспайды алимент алмаймын жəрдемақым аз жетпейді не пəтерге не азық түлік əрі киім кешек дегендей

  3. Саламатсызба? Мен Ақтау қаласынанмын. Мен. 5-баланың анасымын.пəтер жалдап тұрамын.жолдасымның табысы дымға жетпейді жұмысы тұрақты емес.өзім 5-айлық баламмен уйдемін. жағдайымыз қиындап кетті.нансыз отырған кундерім болды.3-балам мектепте оқиды.2-екеуі уйде.

  4. Сәлеметсіз бе? Мен үш баланың жалғыз басты анасын,пәтер жалдап тұрамын,алматы қаласында.Қандай көмек берсеңіздер де,қабыл аламын

  5. Мен жалғыз басты ана. Ұлым 2,5да.Екiншi балаға аяғым ауыр. Жолдасым маскүнем. Бирде бар. Бирде жоқ. Пәтер жалдап тұрамыз. Қандай да болмасын көмекке мухтажбын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *