Атыраулық пошташылар велосипедке отырды

Бұл – «Қазпошта» қызметін барынша жеңілдетудің тың жолы. Алдағы уақытта, тіпті,  скутермен қамту  да жолға қойылмақ. Ал, келесі жылы алыс ауылдар үшін ұшқыш дрон құралдары қолданылмақ.

Қазірдің өзінде елу қызметкер велосипедпен қамтылып үлгерген. Атап айтқанда, облыс орталығы мен оның сыртына қатынайтын пошташыларға — екі, ал, ауылдық жер үшін үш дөңгелектісі бөлінген. Сондай-ақ, олардың бәріне смартфон беріліп, жалақысы  орта есеппен 90 мың теңгеге жетіп отыр.

1437108680

Жалпы, жергілікті пошта ұжымы да заманауи технологияны пайдалана отырып, мол табысқа жетуді көздеп отыр. Зейнетақы, шәкіртақы, коммуналдық және басқа да төлемдермен бірге, «интернет-банкинг» қызметі де кең қолданысқа енуде.

Дрондарға келсек, қазір мұндай жоба пилоттық негізде Түркістан өңірінде жүзеге асырылуда. Ол алдағы жылы Атырауда да қолға алынбақ. Алдымен,  Құрманғазы ауданының шекараға жақын аумағы қамтылады. Айта кетейік, биіктігі 200 метр дрондар төрт келіге дейінгі затпен 140 шақырымға ұша алады.

Рамиль ИМАНОВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*