4 жасар қызды қағып өлтірген атыраулыққа сот үкімі шықты

Атырауда 4 жасар қыз бен анасын қаққан жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты.

poisk_svideteley

Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2017 жылдың желтоқсан айында орын алған. «Lada Largus» маркалы автокөлігі жолдан өтіп бара жатқан 4 жасар қыз бен анасын қаққан. Жарақат алған кішкентай қыз бен анасы Атырау облыстық балалар ауруханасына әкелініп, аурухана төсегінде сәби қайтыс болады.

Жазасын өтеуші азамат іс-әрекетіне өкінетінін айтып, ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл 6 ай мерзімге  бас бостандығынан шектей отырып, көлік жүргізу құқығынан айырды.

Ал сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Хорлан Смадияр

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*