Атырау аграрлы-техникалық колледжінің мерейлі мерекесі салтанатты жағдайда аталып өтті

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында 80 жылдан астам уақыттан бері Атырау өңіріне білікті де білімді ауыл шаруашылығы мамандарын дайындап келе жатқан Атырау аграрлы-техникалық колледжінің мерейлі мерекесі салтанатты жағдайда аталды.

IMG_6930

Осынау жиын бұрынғы Гурьев теңіз-балық өнеркәсібі техникумының құрылғанына 85 жыл толу және оның ауылшаруашылығы техникумына біріккеніне 20 жыл толу құрметіне арналды.

Колледждің мерейлі мерекесіне жиналғандар алдында оның басшысы Клара Мұқашкереева сөз алды. «Облысымызға білікті, бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындауда іргелі оқу орнының қол жеткізген жетістігі аз емес. Педагогикалық қызметкерлердің «Сапа менеджмент жүйесі» талаптарына сәйкес сапалы білім беру қызметінің нәтижесінде колледж «Сала көшбасшысы – 2015» Ұлттық сертификатына ие болып, ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын оқу орындарының ішінде еліміз бойынша бірінші орынды иеленсе, республикада кәсіптік-техникалық оқу орындары арасында алғашқы болып институционалдық аккредиттеуден өтті. Бұл жетістіктер, сөз жоқ, колледждің еңбек нарығы жағдайында дайындалатын мамандардың кәсіби және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету мақсаттарының орындалу деңгейін көрсетеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында атап өтілгендей, Қазақстанға беріліп отырған түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігін жүзеге асыруға бағытталған шаралар жоспарлануда» – деген колледж директоры бүгін таңда іргелі білім ордасының 15 мамандық бойынша екі мыңға жуық студентті оқытып жатқанына тоқталды. Үлкен экраннан колледж өміріне арналған тарихи бейнефильм көрсетіліп, ол құнды естелік әңгімелермен толықты.

IMG_6931

Өздерін білім нәрімен сусындатқан оқу орнының мерейтойына келген өнерлі түлектері — Мейіржан Қабдолов, Аяулым Бақытова әннен шашу шашса, Перизат Сисенованың өзі аттас би тобы мың бұрала би биледі. Сондай-ақ, колледжге жаңа қабылданған студенттер Отан алдында, педагогтары алдында жақсы оқуға, жүрек қалауымен түскен мамандықтарын ойдағыдай меңгеруге, диплом алғасын еліне адал еңбек етуге ант етті. Өз кезектерінде облыстық білім беру басқармасының әдістемелік кабинет директоры Ғабит Қабекенов, облыстық орта кәсіптік-техникалық білім беру директорлар кеңесінің төрағасы Қалидолла Тайпановтар сөз алып, мерейлі жасқа жетіп отырған оқу орны ұжымына толағай табыстар тіледі.

Ал, облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, оларға кәсіптік білім беруде көзге түсіп жүрген алдыңғы қатарлы ұстаздардың бір тобын басқарма мен министрліктің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапаттады.

Лиза СЕЙТІМОВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*