3 D картиналарды қызықтаушы көп

АПТА: түйін Жаңалықтар Мәдениет

Ш.Сариев атындағы өнер мұражайында алғаш рет 3 D картиналар көрмесі ашылды.  Оған Махамбет ауданында жарнама агенттігін ашумен кәсібін бастаған Орын-ғали Сариевтің өз картиналары қойылды. Оның айтуынша, екі залдағы 20 картина келушілерді қызықтырып отыр. Картиналардың арасында Елорда үстімен велосипедпен ұшып бара жатқандай, сонымен бірге, мультфильм кейіпкерлерімен бетпе-бет кездескендей әсерге бөлейтіні бар.

Көрме

–Мұражай бөлмелерін кәсібімді кеңейту үшін жалға алдым. Мақсатым – келушілерге, әсіресе, балаларға  көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Енді мамыр айында  тағы да ең қызықты 30 картинаны ұсынамын, – дейді Орынғали Сариев.  – Өйткені, сенбі мен жексенбіде келушілер көбейіп тұр. Алдағы айларда картиналарымды аудандарға апаруды жоспарлап отырмын.

Құралай ТАҒАНОВА,

Эльнара ОРАЛОВА.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау

мемлекеттік университетінің студенттері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *