21 талант және 3 шығармашылық ұжым Атырау намысын республикалық байқауда қорғайды

Атырауда облыстық XIV облыстық Дельфий ойындары аяқталды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

13 байқау

Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы шығармашыл жастарды қолдау мақсатында жыл сайын Дельфий ойындарын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Байқаудың мақсаты – жас таланттарды тауып, оларды қолдау және жастар арасында мәдени мұраны насихаттап, ұлттық өнердің дамуына ықпал етіп, рухани, эстетикалық тәрбие беру.

Байқауда Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясының, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының оқытушылары және өнер жұлдыздары қазылық етті. Өнерлі жастардың басын қосқан сайыстың қорытындысы бойынша 21 талантты жас және 3 шығармашылық ән-би тобы Ақтау қаласында өтетін республикалық Дельфий ойындарына жолдама алды. Жеңімпаздар ұйымдастырушылар дайындаған арнайы дипломдармен, медальдармен марапатталды.

мсеки123000

Айта кетейік, биылғы Дельфий ойындарына өткен 2017 жылмен салыстырғанда қатысушылар саны 150-ден 230 адамға артып отыр. 2017 жылы Республикалық ХІІІ Дельфий ойындарына Атырау облысынан 19 жас жолдама алып, 10-ға жуығы жүлделі орындарды иеленген болатын.

Ирина Алмас     

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*