Президент еліміздің келешегі жөнінде маңызды мәлімет айтты

Atr.kz/15 наурыз, 2020 жыл. Президенттің айтуынша, біздің бүгінгі тыныш өмірімізді, табыстарымызды, тұрақты тіршілігімізді көре алмайтын жаулар да жеткілікті Бұл ғаламда Қазақстан өз халқымыздан басқа ешкімге керегі жоқ, дейді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің сөзін желіде баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады. “Бүгінгі әлем тұрақты емес. Жаһандағы ахуал күн сайын өзгеріп жатыр. Өте құбылмалы жағдайда өмір сүріп келеміз. Кезінде […]

Continue Reading

ТОҒЫЗЫНШЫ АДАМ: Бала вирусты қалай жұқтырды?

Atr.kz/15 наурыз, 2020 жыл. Қазақстанда тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Тоғызыншы адам 2008 жылы туған бала. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады. Оның айтуынша, қыз Алматыға Германиядан келген. “Қазақстанда, Алматыда тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ол 2008 жылы туған қыз. Елде тоғыз адам вирус жұқтырды. Жетеуі Алматыда, екеуі астанада”, […]

Continue Reading

Қасым-Жомарт Тоқаев телеарна арқылы үндеу жасайды

Atr.kz/15 наурыз, 2020 жыл.  Ертең, 16 наурыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизия арқылы үндеу жасайды. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.  “Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Мемлекет басшысы азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан аумағында наурыздың 16-ы, сағат 08:00-ден 15 сәуір сағат […]

Continue Reading

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8 адамға жетті

Atr.kz/15 наурыз, 2020 жыл. Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы екі жағдайы тіркелді. «Қазіргі таңда Қазақстанда 8 науқас бар. Бәрі оқшаулауда», – деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Хабар 24» арнасынан тікелей эфирде. Бүгінгі таңда қосымша тағы екі адам тіркелді. Бірінші науқас – 1959 жылы туған әйел адам. Біздің инфекциялық стационарда оқшаулауда жатқан пациент. Бұрын күйеуінде диагноз […]

Continue Reading

Азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын тоқтата ма?

Atr.kz/15 наурыз, 2020 жыл.  Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын тоқтата ма? Бұл сұраққа Сауда және интеграция министрлігі жауап берді. «Республикада төтенше жағдай жарияланса да, азық-түлік маркеттері мен базарлар жұмысын жалғастыра береді» деп хабарлады министрліктен. Айта кетсек бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа ҚР Президенті қол қойды. […]

Continue Reading

Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді

Atr.kz/15 наурыз, 2020 жыл. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа ҚР Президенті қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына және «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Дүниежүзілік […]

Continue Reading