«Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» акциясы Атырауда жалғасын тапты

Atr.kz/27 ақпан, 2020 жыл.  Елімізде Ұлы Жеңістің  75 жылдығына орай «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» атты эстафетасы өтуде. Қазақстандық жауынгерлердің Ұлы Отан соғысындағы жанқиярлық ерлігіне, майдан даласында құрбан болған сарбаздарға құрмет көрсету, жастардың патриоттық құндылықтарын арттырып, қазақстандықтардың қаһармандық жолын дәріптеу мақсатында қолға алынған эстафета Атырау қаласындағы «Жеңіс» саябағында өтті. Аталмыш шара былтыр Душанбе қаласында өткен ТМД […]

Continue Reading

“Қазақстанның Моцарты” құпия сырымен бөлісті

Atr.kz/27 ақпан, 2020 жыл. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында облыс әкімдігінің қолдауымен «Дарын» жастар мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның Моцарты» атанған Рахат-Би Әбдісағиннің «ZYMYRAN ZAMAN» атты симфониялық музыкалық кеші өтті. Ол – композитор және пианист, өнертану ғылымдарының магистрі, 100-ден астам классикалық музыкалық туындылардың, сондай-ақ, екі операның авторы. Концерттің шымылдығы кеш иесінің «Жыл құсының зары» атты […]

Continue Reading

Атырау облысындағы Қашаған кен орнында ілеспе газды өңдейтін ірі зауыт салынады (+ФОТО)

Atr.kz/27 ақпан, 2020 жыл. Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қашаған кен орнында ілеспе газ өңдеу зауытын салу мәселесі жөнінде кеңес өткізді.  Қаржыландыру мәселесі, мемлекеттік қолдау шаралары, газ теңгерімі және аталған жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже туралы ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, энергетика министрі Н. Ноғаев және Атырау облысының әкімі М. […]

Continue Reading

Кірме жолдағы КЕЛЕҢСІЗДІК жүргізушілерді мезі қылды

Atr.kz/27 ақпан, 2020 жыл. Атырауда жүк пойыздарының рельстен шығып кету оқиғалары жиіледі. Жылжымалы құрамның соқтығысқан кезі де аз болмай тұр. Кірме жолдардағы тосын жағдай бақылаудың жоқтығы мен қадағалаушы мекеме құзыретінің шектелуінен орын алуда. Бұл осылай жалғаса бере ме? Оқыс оқиғаның орын алу себебі Өткен жылы елімізде көліктің барлық түрімен жеткізілген жүктің көлемі өсті. Тасымалдауда теміржолдың […]

Continue Reading

Қазақстан балық өсіру көлемін 60 мың тоннаға дейін жеткізіп, Қытай мен Ресейге экспорт жасауды жоспарлап отыр

Atr.kz/27 ақпан, 2020 жыл. Қазақстанда балық өсіруді жылына  7 мың тоннадан  60 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік бар.  Бұл туралы Премьер министр Асқар Маминнің төрағалығымен Атырауда өтіп жатқан жиында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. «Өткен жылы балық экспорты көлемі  30 мың тоннаны, импорт  43,5  мыңнан астам тоннаны құрады.  Десе де, елімізде […]

Continue Reading

«Ақша да жоқ, клиент те жоқ»: АЛАЯҚҚА АЛДАНҒАН ТАКСИСТЕР

Atr.kz/27 ақпан, 2020 жыл. «Индрайвер» қызметі арқылы 8 атыраулық такси жүргізушісін алдап соққан ақтөбелік алаяқ ұсталып, тергеу абақтысына қамауға алынды. Көрші облыста отырып-ақ жүргізушілерді сан соқтырып кеткен күдікті айласын ғаламтор арқылы жүзеге асырған. Мұнайлы өлкеде жыл басынан бері 115 алаяқтық фактісі анықталып, 24 қылмыстық іс өндірілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды. […]

Continue Reading