СУ СОРҒЫСЫН ЖАСЫРЫН ҚОСЫП, көршілерін жылусыз қалдырды

Atr.kz/6 ақпан, 2020 жыл. Атырау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақында Нұрсая мөлтекауданындағы көпқабатты үйлердің бірнеше пәтерінде су сорғыларының заңсыз, жасырын түрде жылу жүйесіне қосылғандығы, соның салдарынан көршілерінің жылусыз қалғандығы анықталған. Мұндай жағдайдың әшкереленуіне тұрғындардың пәтерлерінің жөндеп жылынбай тұрғандығы туралы әкімдікке арыздануы себеп болған. Мәселенің мән-жайын біліп, зерделеу мақсатында, қала әкімінің орынбасары Ринат Жанғылышевтің тапсырмасына […]

Continue Reading

Головкин соңғы онжылдықтағы үздік боксшылардың бестігіне енді

Atr.kz/6 ақпан, 2020 жыл. Boxingscene.com сайты соңғы онжылдықтағы мықты 20 боксшы рейтингінің бірінші бөлігін ұсынды. Оған орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап. GGG мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес, америкалық Флойд Мэйвезер және тағы бір америкалық Теренс Кроуфордтан кейінгі төртінші орынға жайғасты. «Қазақстандық боксшы ала алмаған орта салмақтағы […]

Continue Reading

Түркиядағы ұшақ апаты: СІМ қазақстандықтардың жағдайы туралы айтты

Atr.kz/6 ақпан, 2020 жыл. ҚР СІМ Түркияның Ыстанбұл қаласындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз – қызметіне сілтеме жасап.  «Түрік тарапының қазақстандық консулға берген ақпаратына сәйкес, жарақаттанған Қазақстан Республикасы азаматтарының бірі жеңіл жарақат салдарынан ауруханаға жатудан бас тартып, дәрігерлер тексергеннен кейін ауруханадан жіберілді. Екінші азаматымыз да жеңіл жарақат […]

Continue Reading

Атыраулық кішкентай дарындар жүлделі жеңіске жетті

Atr.kz/6 ақпан, 2020 жыл. Алматы қаласында шахматтан балалар мен жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында  Сабырбай Гайсин мен Жәнібек Аманов бастаған Атырау облысының спортшылары бес  медальға ие болып, өңірімізге зор абыроймен оралды. Шахмат додасында 10 жасқа дейінгі балалар жарысында 8 жасар жерлесіміз Алиасқар Рахманберді рапид түрінде жақсы ойын өрнегін көрсетіп, нәтижесінде  күміс жүлде еншілесе, Әлем және […]

Continue Reading

Қазақстанда салафизмге тыйым салынатыны рас па?

Atr.kz/6 ақпан, 2020 жыл. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков салафизмге тыйым салуға қатысты пікір білдірді. “Салафизмге тыйым салу мәселесіне келер болсақ, біз бұған дейін оны жан-жақты зерделедік. Қоғам арасында пікірталастар да болып жатады. Дегенмен, әзірше оған тыйым салу жағы қарастырылып отырған жоқ”, – деді Білісбеков журналистерге берген сұхбатында. Комитет төрағасының орынбасары салафизмге тыйым […]

Continue Reading

Дариға Назарбаева шетелдік көліктерді тіркеуге қатысты не деді?

Atr.kz/6 ақпан, 2020 жыл. Қазақстанда 200 мың шетелдік автокөліктің иелері кедендік және басқа да салықты төлеуден бас тартуда. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева бұл мәселені шешу керек екенін айтты. “Елімізде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген көліктерді тіркеу бойынша мәселе туындады. Бұған ішкі істер министрлігінің Қырғызстан мен Армениядан әкелінген көліктерді тіркеуден өткізу туралы бастамасы себеп болды. Көлік […]

Continue Reading