Ежедневные архивы: 07.02.2019

Ауған соғысы ардагерлері оқушылармен кездесті

Ауғанның отты жылдары. Атырау қалалық мектеп-лицейінде ұйымдастырылған Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші  осылай аталды. Шараға интернационалист жауынгерлер Мұрат Қармышев, Бауыржан Хайруллин, Мұратбек Кенжеахметов, Құндызбай Құсайынов, «Ауған соғысындағы атыраулық жауынгерлер шежіресі» энциклопедиясын құрастырушы Айгүл Ермекова  қатысты.              Жас ұландарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатын басты нысана етіп алған кеште жауынгер-интернационалист, ақын, Парламент Мәжілісінің депутаты ...

Читать далее »

Атырауда қайырымдылық спорт фестивалі өтті

 «Шынықсаң – шымыр боласың».  Осындай атаумен Атырау қаласында «Мұнайшы» спорт кешенінде қайырымдылық спорт фестивалі өткізіліп, оған  «Шаңырақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері мен еріктілер қатысты. Фестивальді ұйымдастырушылардың бірі, «Жас өрен» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аслан Аманжоловтың айтуынша, шараға қатысушы жасөспірімдер өңірімізде әлі толық танылып үлгермеген кроссфит, зумба, иога тәрізді спорт түрлерінің жаттығу элементтерін бірлесе жасап, білікті спорт мамандарының спорт түрлері жөніндегі шеберлік сабақтарын ...

Читать далее »

Тілсіз жау тағы бір шаңырақты ортасына түсірді

«Павлодар облысында екі бала ата-анасымен бірге ысты газдан уланып көз жұмды», – деп хабарлайды  ҚазАқпарат.   – Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылында ысты газдан улану салдарынан Бекбатыровтар отбасынан төрт адам – ата-анасы мен 4 және 7 сыныптарда оқитын екі бала қаза тапқан. Алдын ала болжам бойынша, өткен түні пештен ақау шыққан. Күні бойы отбасынан ешқайсысы байланысқа шықпаған соң сағат 21.00-де туыстарының ...

Читать далее »

Сенатта өткен жиында бала туғаны үшін ипотеканы өтеу ұсынылды

“Қазақстан жастары конгресі” заңды тұлғалар бірлестігінің директоры Тоқтар Болысов бала туғаны үшін ипотека қарызын өтеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оның айтуынша, көп балалы аналардың жәрдемақысын бірнеше есеге өсіріп, өңірдегі орташа жалақымен теңестіру керек. Фото – Lenta.ru “Жас отбасы ипотека алғаннан кейін, бірінші сәбиі дүниеге келгенде, ипотекалық қарызы 25 процентке төмендесін. Екіншісі туғанда тағы 25%-ке, үшінші баласы болғанда тағы 25%-ке. ...

Читать далее »

Атыраулық паратаеквондошы Нұрлан Домбаев – Әлем чемпионы

Атыраулық паратаеквондошы Нұрлан Домбаев екінші мәрте Әлем чемпионы атанды. 1-6 ақпан аралығында Түркияның Анталья қаласында паратаэквандодан Әлем чемпионаты өтіп, дүние жүзінің 98 елінен жиналған 1500-ге жуық спортшы  бас қосқан байрақты бәсекеде бағын сынаған саңлағымыз барлық қарсыластарына дес бермей жеңіс тұғырының биік сатысына көтерілді. 75 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз бұған дейін 2017 жылы Ұлыбританияда өткен әлем біріншілігінде топ жарған болатын. ...

Читать далее »

Жастар арасындағы қылмыс өршіп тұр

Жастардың қатысуымен жасалатын қылмыстардың саны азаймай тұр. Өткен жылдың өзінде қылмыс саны 1 483-ті құрап, оның ішінде 141-і 14-17 және 1 342-сі 18-29 жас аралығындағы жастардың қатысуымен тіркелген. Алаңдатарлық жайттың бірі – жастар арасындағы суицид мәселесі болып отыр. Былтыр осындай 40-қа тарта факт орын алған. Осынша әрекеттің төрттен бірінен астамының соңы өкінішті оқиғамен аяқталған. Бұл туралы Индер ауданына жұмыс сапары ...

Читать далее »