Ежедневные архивы: 06.02.2019

Нұрлан Ноғаев Индер ауданында қоғамдық қабылдау өткізді

Атырау облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Индер ауданында жұмыс сапарымен жүр. Сапар  барысында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев «Нұр Отан» партиясының Индер аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындардың аймақ басшысының алдына қойған сауалдары мен мәселелері негізінен тұрғын үйге қатысты болды. Мәселен, Индербор кентінің тұрғыны Файзолла Қабиев қазіргі уақытта тозығы жеткен бұрынғы аурухана ғимаратын паналауда. Оның тұрған жерін мемлекет меншігіне алып, ...

Читать далее »

Атырауда тарихи тұлғаларға монумент орнатылады

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде облыстық қоғамдық кеңес пен тарихи және мәдени  ескерткіштерді  қорғау  жөніндегі комиссияның бірлескен мәжілісі өтті. Жиында аймақ көлемінде  орнатылуы жоспарланған  қазақ халқының атақты үш биінің бірі  Әйтеке Байбекұлына, ұлы ақын Абай Құнанбаевқа, «Ана құдіреті» ансамбліне, Құрманғазы Сағырбаев  пен Мұрат Мөңкеұлына, Малайсары би  және  Халел Досмұхамедовке арналған ескерткіштер мен монументтердің  ең үздік  жобалары  талқыланды. –  Көрсетілген жұмыстардың ішінен ...

Читать далее »

Қатерлі ісік – дауасыз дерт емес

4 ақпан – Дүниежүзілік онкологиялық ауруларға қарсы күрес күні. Бұл күнді атап өтудегі мақсат – жұртшылық назарын ғаламдық проблемаға аудару болатын. «Мен. Мен бармын» (I Am. And I Will) деген ұранмен өтетін биылғы іс-шаралар әрбірімізді обырға қарсы күреске үлес қосуға бағытталмақ.  Қазір бүкіл әлем бойынша қатерлі ісікке шалдығушылар саны артып отыр. Бүгінде обыр өлім-жітім саны жағынан жүрек-қан тамыры жүйесінен кейін ...

Читать далее »

Қазақстанда билет құны әлдеқайда арзан жаңа әуе компаниясы жұмысын бастайды

Мамыр айында Қазақстанда Fly Arystan әуе компаниясы өз жұмысын бастайды. Басты жаңалық сол – жаңа компанияның билет құны Air Astana лайнерлерінің бағасынан екі есеге арзан болады. Мәселен, түрлі бағытқа Air Astana билеттері шамамен 100 долларды құрайды. Бұл баға сатып алу мерзіміне байланысты өзгеріп отырады: бір апта тұрын алсаңыз – бір баға, үш күн бұрын алсаңыз – басқа баға дегендей. Fly ...

Читать далее »

«Нұрлы жер» аясында көпбалалы отбасылар үшін жеңілдік бола ма?

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасыларға берілетін жалдамалы баспана саны артуы мүмкін. «Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді» деп хабарлайды «ҚазАқпарат»  агенттігі.   «Біз осындай отбасыларға (көпбалалы – ред.) қосымша пәтерлер салу үшін қаражат іздеп жатырмыз. «Нұрлы жер» бойынша жылына 700 арендалық пәтер көпбалалы отбасыларға берілетін болса, олардың санын екі – үш есеге көбейту керек… ...

Читать далее »

Елімізде бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыны төлеу мерзімі ұлғаюы мүмкін

«Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді» деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі декреттік демалыста отырған әйелдерге жәрдемақы төлеу мерзімін ұлғайту туралы мәселені бірнеше рет көтерген болатын. Белгілі бір есептеулермен республикалық бюджеттік комиссияға өтінім бердік. Тағы да қайталап айтамын, бүгінгі таңда барлық ұсыныс пен жаңашылдық елдің экономикалық мүмкіндіктеріне тәуелді. ...

Читать далее »