Ежедневные архивы: 05.02.2019

Атыраулық желі қолданушылары 6-шы ақпан күні Мақат ауданының әкімі Жұмабай Ғаббасұлымен “кездеседі”

6-шы ақпан күні сағат 17:00 де Мақат ауданының әкімі Қарағаев Жұмабай Ғаббасұлы әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы есеп береді. Өзінің мұнай кен орнымен танымал Мақат ауданы тағы қай бағытта дамуда? Тұрғындарды толғандыратын ауданның өзекті мәселелері қандай? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алғыңыз келсе және өзіңіздің қояр сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, тікелей эфирге қосылыңыз! Facebook : https://www.facebook.com/AkimatAtyrau Instagram : https://Instagram.com/akimat_atyrau ...

Читать далее »

Kaspi банк қаза болған бес баланың ата-анасының несиесін жапты

Қоғамды дүр сілкіндірген қайғылы оқиға – Астанадағы өрттен көз жұмған бес бала бүгін жер қойнына тапсырылды. Бұған дейін ақпарат құралдарында қаза болған балалардың ата-анасының төрт банкте несиесі бар екені айтылған еді. Әлеуметтік желі қолданушысы Дамир Аспан банктерге қара жамылған отбасының несиелерін кешіріп, жабуды сұрап жазба қалдырған болатын. Осы жазбаның пікір алаңына Kaspi.kz ресми парақшасының атынан “Kaspi.kz басшылары Ситер отбасының қарыздарын ...

Читать далее »

Бес баласы қаза тапқан қаралы отбасына Президент Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айтты

Астанада өрттен бес баласы қаза тапқан қаралы отбасына Президент Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айтты. Бұл туралы Ақ Орданың баспасөз қызметі хабарлайды. Фото - arasha.kz “Кеше Астанада ауыр қайғылы оқиға болды. Өрт салдарынан бір отбасы бес бірдей перзентінен айырылып қалды. Қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтамын” делінген Ақ Орда таратқан ақпаратта. Сондай-ақ, Президенттің қаралы отбасына қажетті көмек жасау туралы Үкіметке ...

Читать далее »

Ақын Айсұлу Қадырбаеваның «Барып қайт, балам, ауылға» тақырыбында шығармашылық кеші өтті

Облыс орталығындағы  Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында қоғам қайраткері, ақын Айсұлу  Қадырбаеваның «Барып қайт, балам, ауылға» тақырыбында шығармашылық кеші өтті. Айсұлу Қадырбаева 1950 жылы 2 қарашада Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл деген жерде дүниеге келген. Қаратөбе орта мектебін бітірген соң, 1968-1972 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-де оқып, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығын алған.  Жетпісінші жылдары «Жазушы» баспасында корректор, ...

Читать далее »

Көшеңіз кімнің атында?

Жаңарып, жасарған Атырау шаһары бүгінде инвесторлар ғана емес, мұнда келген барша мейман мен тұрғындар үшін де тартымды аймақ саналады. Бір-біріне ұқсамайтын әсем ғимараттар мен заманауи нысандар алыстан көз тартады. Жарқыраған түнгі қаланың ажары тіптен ерекше. Өңірдегі өркенді істердің нәтижесі облыс орталығынан анық байқалады. Халық саны көбейіп, жаңа ықшамаудандар аумағы кеңейіп келеді. Десек те, мұнайлы шаһардағы көшелер мен ықшамаудандар атаулары хақында ...

Читать далее »

Әкім есебінен кейін: құрманғазылықтар не дейді?

Ардагердің аты ұмытылмаса… Тілек АЙТҚАЛИЕВ, ҰҚК-нің Құрметті ардагері: – Ұлы Отан соғысының ардагері Жорес Ысқақовтың есімі ауданға жақсы таныс. Өзім сол кісінің шәкірті болғанымды мақтан тұтамын. Ардагер спортшының есімі аудандық денешынықтыру-сауықтыру кешеніне берілсе деген ұсынысым бар. Оған ауданның Құрметті азаматы атағы берілсе де артықтық етпес еді. Бұрынғы шипажай қаңырап тұр Талғат АМАНҒАЛИЕВ, медицина саласының ардагері: – Аудан орталығындағы бұрынғы шипажай ...

Читать далее »