Ежедневные архивы: 01.02.2019

Заңсыз жұмыс жасағандар ел аумағынан кетеді

Атырауда  жыл басынан бері 26 шетел азаматы ел аумағынан тысқары шығарылған. Таяуда сот төрелігімен ҚХР азаматын ел аумағынан шығару жөнінде шешім қабылданды.  53 жасар шетел азаматы облыс аумағына іскерлік визамен (жұмыс жасауға рұқсат етілмеген) келіп, қаладағы  компаниялардың бірінде қаржы директоры болып жұмыс жасаған. Полиция департаменті хабарлағанындай, көші-қон полициясы жүргізген жедел алдын алу шаралары нәтижесінде жыл басынан бері Атырау облысынан ҚР ...

Читать далее »

Мұз үстімен жүрген жүргізуші жауапқа тартылды

Өткен түні Жайық өзенінің Тұрғындар қалашығы тұсынан бастап орталық көпір маңына дейін мұз үстінде жүріп келген автокөліктің  жүргізушісі анықталып, ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Мұз үстінде ойнақтаған «Мерседес-Бенц» автокөлігінің 22 жасар жүргізушісіне  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  590 бабы 2 бөлімі, яғни, мемлекеттік нөмірсіз автокөлік басқарғаны және 620 бабы 1 бөліміне сәйкес жол жүрісіне ...

Читать далее »

Азамат Бекет Instagram желісі арқылы 500-ден астам тұрғынның сұрағына жауап берді

Instagram желісі арқылы тікелей эфирде тұрғындармен жүздескен Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекет бір сәтте 500-ден астам сұраққа жауап берді. Суретте – Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекет   Қаңтардың 31-і күні әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шыққан әкімнің бейресми сағатына бір сәтте 800 қолданушы қатысқан.  «500-ден астам аудан тұрғыны сауалдарын қойды. Сұрақтар негізінен жаңа жол салу, тротуар салу, көшені жарықтандыру, жаңа ...

Читать далее »

Ертең Атырауда волейбол біріншілігі басталады

2 ақпан күні «Нұрсая» спорт мектебінде («Нұрсая» ықшамауданы, 28 «А») Қазақстан Республикасының волейболдан жоғарғы лига ХХVІІ біріншілігінің ІІІ кезең ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Айта кетейік, 23 жасқа дейінгі ерлер арасында өтетін жарыс 2-9 ақпан аралығына жоспарланған. Ендеше, осы ойындарда облысымыздың намысын қорғайтын《АТЫРАУ》U23 құрамасына жанкүйер болыңыздар!

Читать далее »

Қызылқоғада ашылған қайырымдылық қоры үш адамға қажылыққа жолдама берді

Бүгін «Қызылқоға – құтты мекенім» қайырымдылық қоры ресми түрде жұмысын бастады. Қорды жергілікті кәсіпкерлер Азамат Өтебаев пен Медет Серікбаев ашып отыр. «Миялы ауылындағы «Арман» мәдениет үйінде өткен ізгі шара аясында қордың құжаттарын Қызылқоға аудандық «Бәйтерек» орталық мешітінің бас имамы Мұрат Сұлтанов қор төрағасы Азамат Өтебаевқа салтанатты жағдайда табыс етті. Аталмыш шараға Қызылқоға ауданына бір күндік жұмыс сапарымен келген республикалық ақпараттық ...

Читать далее »