2019 жылы жалақы өседі

Елбасының қатысуымен Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті.

1462211

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған өзінің жаңа бес әлеуметтік бастамасын жариялады.

“Екінші бастама – еңбекақысы аз қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін салық жүктемесін төмендету. Салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын қазақстандықтарды қолдау мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін он есе төмендетуді ұсынамын. Яғни, салық мөлшері 1% ғана болады. Ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 25 еселік мөлшерінен төмен жалақы алатындар бір пайыз жеке табыс салығын төлейтін болады. Осындай қадамның нәтижесінде босайтын қаражат олардың жалақысын өсіруге бағытталуы тиіс”, — деп мәлім етті Назарбаев.

Елбасының айтуынша, осы жұмыстардың нәтижесінде елдегі жалдамалы жұмысшылардың кемінде үштен бір бөлігінің жалақысы өседі.

“Ал бұл — екі миллионнан астам адам. Әрі жұмыс берушілерге ешқандай ауыртпалық түспейді. Алдағы уақытта үкімет табыс салығының прогрессивтік шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеуі керек”, — деді мемлекет басшысы.

Хорлан Смадияр

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*