Ежедневные архивы: 06.12.2018

Атырауда «Ұлы дала жауһарлары» көрмесі ашылды

IMG_5735-06-12-18-05-50

Мұнайлы өлкеде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде топтамашы-этнограф, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Баһаргүл Төлегенованың үш күндік жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде 100-ден аса құнды заттардың шынайы түпнұсқалары, артефактілер, алтын мен күмістен жасалған зергерлік бұйымдар қойылған,-деп xабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев көрме лентасын қиып, барша қала тұрғындары мен ...

Читать далее »

Жанбайда жаңа дәріхана ашылды

Жанбайда жаңа дәріхана ашылды

Өткен жұмада Жанбай ауылында  З.Құрасұлы көшесінен аққыстаулық кәсіпкер Гүлжан Нысанқұлованың иелігіндегі «Еркежан» дәріханасының ашылу салтанаты өтті. Бұл – кәсіпкердің дәл осындай атаумен ашып отырған екінші кәсіпкерлік нысаны. Нақтырақ айтқанда, аудан орталығындағы қолжетімді қызметімен танымал дәріхананың ауылдағы бір бөлігі. Мереке қарсаңында тұсауы кесілген жаңа нысанның жұмысына сәттілік тілеген аудан әкімінің орынбасары Асқар Құрманғалиев бұл жұмыстардың ауыл халқын дәрі-дәрмекпен қамтуда жасалып жатқан ...

Читать далее »

Атыраулық спортшылар биыл 1200-ге жуық медаль алды

WhatsApp Image 2018-12-06 at 14.09.52 (1)

Аймақта спорт нысандарының қолжетімділігі мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Атырау облысында биылғы спорт саласының көрсеткіштері қорытындыланды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметі бойынша, жыл басынан бері 1200 спорттық шара өткен, оның басым бөлігі ауылдық жерлерде ұйымдастырылды. Шараларға жалпы алғанда 245 мың адам қатысты. Қазір облыста 858 дене тәрбиесі ұжымы жұмыс істейді. Оның ...

Читать далее »

Атырауда көктайғаққа қарсы жұмыс басталды

2018022109580560778_img-20131127004243-985

Атырау қаласында көктайғаққа қарсы 200 жұмысшы, 20 техника жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта көлікке және жаяу жүргіншіге арналған жолдың бәріне құм себіліп, орталық көшелерге тұз ерітіндісі қолданылып жатыр. Әзірге 12 суару-жуу машинасы, 6 трактор, 2 құм шашатын көлік үздіксіз жұмыс үстінде. Бұған дейін де жауған жаңбырдың салдарынан жолға мұз қатып, Атырау-Астрахан жолы жабылған еді. Атыраудағы ...

Читать далее »