Ежедневные архивы: 04.12.2018

Атырау қаласының әкімдігі ауылдық округтерде «Ашық есіктер күнін» өткізеді

Ауылдық округтердің тұрғындары ауылдан шықпай-ақ, өздеріне қатысты мәселелер бойынша кеңестер ала алады, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 5–11 желтоқсан аралығында Атырау қаласының әкімдігі қала сыртындағы ауылдарда «Ашық есік күнін » ұйымдастырады. Апта ішінде түрлі бөлімшелердің мамандары қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ауыл тұрғындарына кеңес береді. Жұмыс тобының құрамына муниципалды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары, жұмыспен қамту ...

Читать далее »

Теңдессіз туынды

Астана. Елбасы. Бұл әрбір қазақстандықтың жүрегіне жақын, әрі егіз ұғымдар. Астана – тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нышаны, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың теңдессіз төл туындысы! Қазақ елі тәуелсіздігінің нышаны іспеттес әсем қаламыз Астананың бой көтергеніне биыл 20 жыл толды. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, осынау аз ғана жылдың ішінде елордамыз әлемдегі дәулеті тасып, сәулеті асқан  сұлу шаһарлардың  қатарына еніп үлгерді. ...

Читать далее »

Нұрлан Әлімжан: «Өмірімдегі ең бақытты сәт осы»

«Президенттің рөлін сомдау – кез келген актердің басына бұйыра бермейтін бақыт. Сондықтан, бұл  мен үшін үлкен жауапкершілік қана емес, өз алдына бір тарихи белес болды» дейді белгілі актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Әлімжан. –Бастапқыда халық сізді «Ағайындылар» фильмі арқылы кеңірек тани бастады. Дейтұрғанмен, Елбасының рөлін сомдағаннан кейін халықтың сізге деген құрметінің ерекше артқаны байқалады. «Балалық шағымның аспаны» фильміндегі рөл ...

Читать далее »

Атырауда қайырымдылық спартакиадасы өтті

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, өңірдегі мекемелер арасында спорттың 4 түрінен қайырымдылық спартакиадасы өтті. Спорттық шараға қатысушылар үстел теннисінен үш дүркін паралимпиада ойындарының чемпионы Жұлдыз Ерубаеваға қолдау көрсетуге ниет білдірген. «Шарадан түскен барлық қаражат жас спортшының денсаулығын оңалтуға және спорт тұғырында жаңа биіктерді бағындыруға жұмсалатын болады» дейді паралимпиадашының анасы Гүлмира Асанова. Спартакиада қорытындысымен Атырау мұнай өңдеу ...

Читать далее »

Қорғаныс істері департаменті Тұңғыш Президент күнін тойлады

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Атырауда Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде салтанатты жиын өтті. Іс-шараға жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары мен Департаменттің жеке құрамы қатысты. Қатысушылар үшін Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны туралы деректі фильм көрсетіліп, көрме ұйымдастырылып, баяндамалар оқылды. «Бізді қабырғалы берік ел еткен Елбасының кемеңгерлігі. Еліміздің көгінде тәуелсіздік ...

Читать далее »

Әр сапары тарихи маңызға толы

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Атырауда  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен бірқатар ірі кәсіпорындар ашылып, зәулім ғимараттардың тұсауы кесілді. Біз бүгін соңғы он жылдың бедеріндегі осындай маңызды нысандар хақында шолу жасауды ұйғардық. 4 маусым, 2008 жыл Атырауға келген Мемлекет басшысы Жайық өзені арқылы өтетін «Балықшы-Жұмыскер» жаңа көпірін ашу салтанатына қатысты. Көпір өзеннің қос жағалауында орналасқан Балықшы және Жұмыскер ықшамаудандарын қосып тұр. Төрт ...

Читать далее »