Ежедневные архивы: 11.10.2018

Дмитрий Ли – Паразиаданың чемпионы!

           Индонезия астанасы – Джакартадан тағы бір сүйінші хабар жетті. Бұған дейін жүзуден екі күміс, екі қола медаль еншілеген атыраулық спортшы Дмитрий Ли Паразиада чемпионы атанды. Бүгін ол S10 санатында 400 метрге еркін әдіспен жүзуден бақ сынады. Бұған дейінгі сайыстарда жүлделі орыннан көрінген ол бұл жолы қарсыластарын қапы қалдырып, Паразиаданың алтын медаліне қол жеткізді. Ол аталған қашықтықтың мәресіне қарсыластарынан 12 ...

Читать далее »

Келешек кілті – атакәсіпте

Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында Бірінші бағытының бесінші тарауында Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін іске асыру жөнінде тапсырмасына сәйкес облыс бойынша бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Бұл туралы Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланған жиында айтылған болатын. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға ...

Читать далее »

Паразиада күнделігінен…

Атыраулық спортшылардың Индонезия астанасы – Джакартада өтіп жатқан  Паразиада ойындарында бақтары жанып тұр. Ендеше, дүбірлі доданың күнделігінен үзінді ұсынғанды жөн көріп отырмыз. Паразиада ойындарының үшінші күні жарыс жолына Жандос Қиянов бастаған дзюдошыларымыз шыққан болатын. 73 келіде белдескен Дәулет Теміржан қола жүлдеге ие болды. Жерлесіміз алғашқы кездесуінде Жапониялық Китазоно Арамитсуды ұтты. Жартылай финалда Оңтүстік Кореялық Ианг СеунгДжунан тартысты өткен кездесуде жеңіліп ...

Читать далее »

Цифрлық сауаттылық артуда

Жолдауда қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту мақсатында Елбасы білім беруге, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, мамандар біліктілігін арттыру қажеттілігіне аса назар аударды. Бұған қоса жоғары оқу орындарындағы түлектердің жұмысқа орналасу мәселесіне назар аудара отырып, осылайша әр салаға қажетті мамандар мәселесін шешуді, жоғары оқу орындары қызметінің сапасына көңіл бөлуді тапсырды. Бүгінде «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобалары аясында заман талабына ...

Читать далее »

Музей жаңа жәдігермен толықты

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ғылыми қорға тарихи құндылықтарды қабылдау сараптамалық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Тарихи-мәдени мәні бар жәдігерлерді облыстық, аудандық музейге қабылдап, қорды толықтыру мақсатында өткен жиында «Мен сыйға тартқан жәдігер» акциясында, «Отбасымен музейге» фестивалінде тұрғындардың сыйға тартқан дүниелері сарапқа салынды. Нәтижесінде музей сөрелерінен Мемлекет және қоғам қайраткері С.Мұқашевтің жеке қорында жинақталған түрлі тақырыптағы төсбелгілер жиынтығы, 1911 жылы Қазан баспасынан шыққан ...

Читать далее »

Ержан Паразиаданың екі дүркін чемпионы атанды

Паразиада ойындары өтіп жатқан  Индонезия астанасы – Джакартадан күн сайын сүйінші хабар жетіп жатыр.  Жүзу спортынан ел намысын қорғаған атыраулық спортшы Ержан Сәлімгереев паразиаданың қос алтын медалін иеленіп, екі дүркін чемпион атанды. Бұл додада ол алдымен S6 санатында сынға түсіп, 100 метрге еркін жүзуде алтын иеленген еді.  Одан соң 50 метрді бағындыруда да алдына жан салмай, екінші алтын медалін еншіледі. ...

Читать далее »