Месячные архивы: Сентябрь 2018

Қалаған емханаға тіркеліңіз!

oms-5-400x220

15 қыркүйекте халықты емханаларға тіркеу жөніндегі науқан басталады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 15 қарашаға дейін әрбір азамат өзінің қалауы бойынша кез келген емханаға тіркеліп, қызмет түрлерін пайдаланады. Тұрғындар тұрғылықты мекен-жайын, жұмысын, оқу орнын ауыстырғанда, жазасын өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін, әскери қызметін өтеп болған соң өзіне қолайлы деп тапқан басқа денсаулық сақтау ұйымына тіркеле алады. Сондай-ақ, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы ...

Читать далее »

Жаңа төраға сайланды

qiWVKnqHpRo

Мәдениет, спорт және ақпарат құралдары жергілікті  кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігіне жаңа төраға сайланды. Делегаттар бес жүзге жуық мүшесі бар қоғамдық бірлестіктің төрағасы Қуандық Батыровтың атқарған жұмысы туралы есебін мақұлдады. Конференция жұмысына қатысқан «Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Ізтұрған Баймұханов қазіргі таңда кәсіподақтар қызметкерлер өмірінде, олардың құқықтары мен мүдделерін сақтап қорғауда ерекше рөл атқаратындығын айтты. Ол бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ...

Читать далее »

Атыраулық Есенбек Сиғуатов грепплингтен тұңғыш Әлем чемпионы атанды

WhatsApp Image 2018-09-13 at 10.50.42

Атыраулық Есенбек Сиғуатов грепплингтен тұңғыш Әлем чемпионы атанды. Жерлесіміз қатысқан Әлем чемпионаты 6-10 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтті,-деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Сөйтіп, Астанада болған байрақты бәсекеден қос спортшымыз жеңіспен оралған. 46 келі салмақ дәрежесінде Есенбек Сиғуатов Әлем чемпионы атанды. 11 сынып оқушысы алғашқы кездесуінде ресейлік қарсыласын тізе бүктірді. Жартылай финалда қазақстандық отандасымен жолықса, финалда венгриялық спортшыны ұтып, жасөспірімдер арасында ...

Читать далее »

Бір ұтыс, бір ұтылыс

Ko1eqzD591N6zYEr5pb031kiSYz9kW

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының жаңа маусымындағы алғашқы кездесулерін сырт алаңда өткізген Атыраудың «Бейбарыс» клубы Өскеменде жергілікті «Алтай-Торпедо» командасымен кездесті. Еліміздің үш дүркін чемпиондары «Бейбарыс» алғашқы күні қарсыластар қақпасына жауапсыз үш шайда соғып, жеңіске жеткен еді. Дегенмен, келесі күні Шығыс Қазақстан облысының құрамасына есе жіберіп, 1:0 есебімен жеңілуге мәжбүр болды.   Александр Истоминнің шәкірттері келесі ойындарын 15-16 қыркүйекте оңтүстік Астанада «Алматы» хоккейшілерімен ...

Читать далее »

Атырау қаласында kundelik.kz сайтының қолданушылары 3 есеге артты

IMG_2452-12-09-18-11-21

Атырау қаласында kundelik.kz сайтының қолданушылары 3 есеге артты. Бүгінде бұл сайтты 40 мыңнан астам ата-ана мен 50 мың мектеп оқушысы қолданады, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асқан жоба білім сапасын арттыру, бақылау және екі жақты байланыс орнатуға бағытталған. Ата-аналар балаларының оқу үлгерімін мектепке келмей-ақ, электонды күнделік арқылы бақылай алады. Сайтта бұдан өзге әдістемелік әдебиеттермен ...

Читать далее »

Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне өтініш қабылдау басталды (ВИДЕО)

WhatsApp Image 2018-09-13 at 11.37.11

Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне өтініш қабылдау басталды. Өтініштер 100esim.el.kz сайтында қабылданады. Жоба мақсаты – табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихын үлгі ете отырып насихаттау. Әр қоғамдық ұйым, бірлестік ерекше тарихы мен кәсіби жетістіктері бар үміткерлерін ұсына алады. Үміткерлер төмендегі талаптар бойынша қаралады: – үміткердің кәмелет ...

Читать далее »

Назарбаев Зияткерлік мектебіне – 5 жыл

Празднования пятилетия НИШ Атырау (454)

Биыл Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылғанына бес жыл толды. Осыған орай, оқу орнында салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі. Шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, білім беру басқармасының өкілдері, пилоттық мектеп директорлары мен ата-аналар жиналды. «Тура бес жыл бұрын қоңыр күздің алғашқы айында, алғаш қоңырауын соққан Назарбаев Зияткерлік мектебі өзінің бес жылдығын толайым табыспен ...

Читать далее »

Көпбалалы 19 ана алқамен марапатталды

WhatsApp Image 2018-09-12 at 17.28.44 (1)

Атырауда көпбалалы 19 ана алқамен марапатталды. Салтанатты шара отбасы күніне орай өтті, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Қалалық әкімдікте қала әкімінің орынбасары Полымбет Хасановтың қатысуымен көпбалалы 19 ананы алқамен марапаттау салтанаты өтті. Шара Қазақстанда 9 қыркүйек күні атап өтілген отбасы күніне орай ұйымдастырылды. Полымбет Хасановтың айтуынша, бүгінде Атырау қаласында 5 мың көпбалалы ана бар, олардың 2940-ы 6 және одан да ...

Читать далее »

Жылыой ауданында 88 үйге жарық шамдары орнатылды

WhatsApp Image 2018-09-12 at 15.01.25

Жылыойда екі айда 88 үйге жарық шамдары орнатылды. Бұл демеушілер тарапынан жүзеге асты, деп хабарлайды Жылыой аудандық әкімінің баспасөз қызметі. Жылыой ауданы әкімі Азамат Бекет аудан және қала тұрғындарымен кездескен болатын. Кездесу барысында Құлсары қаласының ықшам аудан тұрғындары әкімге аулалардың қараңғы және тазалық мәселесі жоқ, жалдамалы пәтерлердің көптігінен осындай күй кешіп жатқанын айтып, шағымданған еді. Ықшам аудандарды аралаған аудан басшысы ...

Читать далее »

Жайылымдық жер көбейеді

1497494146_article_b_1500_

Атырау аумағында 7,6 мың гектар ауыл шаруашылығы жері игерілмей қалған. Биыл оның 5,7 мың гектары мемлекетке қайтарылып отыр. Ал, 131 жер телімі кәсіпкерлік мақсатта аукцион арқылы сатылды. Өңірде тұрғын үй салуға жер алу үшін кезекке 108 384 адам тіркелген, соның 85 пайызын Атырау қаласынан сұраушылар құрайды. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқали аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай деректерді ...

Читать далее »