Месячные архивы: Август 2018

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

38489387_288239211937898_6963024254702977024_n

Бүгін Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекеттің бұйрығымен аудан әкімінің орынбасары қызметіне Рашев Жантөре Сәкенұлы тағайындалды, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Жантөре Сәкенұлы Рашев 1989 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары поселкесінде (қазіргі Құлсары қаласы) дүниеге келген. Білімі жоғары, 2011 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын «қаржы бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008-2011 жылдары аралығында Құлсарыдағы «Олжа» АҚ-да еңбек жолын операторлықтан бастап, ...

Читать далее »

Халықаралық жастар күнімен бейне арқылы құттықтап, сыйлық ұтып ал!

38490602_962036097308931_3528343280368484352_n

Халықаралық жастар күніне орай байқау жарияланды. – Халықаралық жастар күнінде орай ең үздік бейне құттықтау байқауын жариялаймыз. Барлық жастарды келе жатқан халықаралық жастар күнімен бейне арқылы құттықтап, бас жүлде – НЕТБУК ұтып алу мүмкіндіге ие болады. Байқауға кез-келген адам қатыса алады. Жас ерекшелігі жоқ, – дейді Атырау облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі. Бұл конкурста жұмыстың жарияланған тақырыпқа сәйкестігін, оның ...

Читать далее »

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі

c4ca4238a0b923820dcc509a6f75849b-18

2018 жылғы Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды. Толық тізімді мына сілтемеден жүктеуге болады. Биыл ҰБТ тапсыруға 102447 өтініш берілді. Соның 77224-і қазақ тілінде, 25177-сі орыс, ал 46-сы ағылшын тілінде тапсыру ниетін білдірген. Іс жүзінде биыл 98698 бітіруші ҰБТ тапсырды, былтыр бұл көрсеткіш 88583 болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында биыл мемлекеттік тапсырыстың көлемі 20 мың ...

Читать далее »

Атыраулық жас бишілер Македонияда ел намысын қорғайды

IMG_1360-04-08-18-02-10

8-14 жас аралығындағы балалар «Езерский бисер – 2018» халықаралық балалар фестивалінде ел намысын қорғайды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, 7-12 тамыз аралығында Македония мемлекетінде жыл сайынғы «Езерский бисер – 2018» фестивалі өтеді. Фестивальге 10-нан аса мемлекеттен талантты балалар қатысады. Мұнайлы астана намысын қорғауға «Мирас» балабақшасының бишілер тобы мен «Дархан» өнер студиясының мүшесі Аяулым Қанатқалиева хореография номинациясы бойынша қатысады. «Өткен жылы атыраулық ...

Читать далее »

Грант қанша бөлінді?

grant

Атырау облысының Білім беру басқармасы  жоғары оқу орындарына қабылдаудың жүріп жатқандығына байланысты хабарлайды. Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2018-2019 оқу жылына 282 білім беру гранты беріледі. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары облыстың кадрларға қажеттілігі ескеріле отырып, талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша жоғары оқу орындарында оқу үшін мамандықтар ...

Читать далее »

Зейнетақы жарнасы қандай табыстан ұсталады?

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАСЫ

Зейнетақы жүйесіне енгізіліп жатқан өзгерістер жұртшылық арасында қызу талқыға түсті. Әсіресе, әлеуметтік желіде заңдағы толықтыруларға қатысты түсініспеушіліктер кездесуде. Халық арасына тараған ақпаратта «жеке тұлға өз мүлкін алып-сатудан да Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 10 пайыз жарна аударады» дегенге саяды екен. Толғандырар тақырып туралы толығырақ түсіндірген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова барлық зейнетақы аударымдары азаматтардың тапқан табысынан ғана төленетінін ...

Читать далее »

Атырау қаласының әкімі балабақшалар мен мектептердің құрылысын мерзімінде аяқтауды тапсырды

WhatsApp Image 2018-08-03 at 12.54.58

Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы Кеңөзек және Еркінқала ауылдық округтерінің мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелерінің құрылысы мен жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. Қала маңындағы ауылдық округтерге жұмыс сапары барысында қала басшысы балабақшалар мен жалпы білім беретін мекемелерді аралады. Алимұхаммед Құттұмұратұлы мектептердегі асханалардың жай-күйімен, мектеп автобустарының, сондай-ақ барлық инфрақұрылымдардың электр, газ, жылу, сумен ...

Читать далее »

Атырауда ауызсудың бағасы арзандады

?????????????????????????????????????????????????????????

Атырау қаласында 1 тамыздан бастап ауызсу бағасы 3 пайызға арзандады. Аталған тариф бір жыл бойы қолданыста болады. “2017 жылдың қорытындысына сәйкес, қаланы ауыз сумен қамтып отырған «Атырау су арнасы» заңсыз әрекеттер негізінде 139 млн теңге кірісті иеленгені анықталды. Бұл тарифтік сметаның 5 пайызын құрайды“,- делінген Атырау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің хабарламасында. Департаменттің мәлімдеуінше, ...

Читать далее »

Грантқа – 500 мың теңге

????????????????????????????????????

«Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының «Әрекет» жобасы бойынша үкіметтік емес ұйым өкілдерін оқыту бағдарламасы қорытындыланды. «Атырау облысы ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен жобаның қорытынды шарасында аймақтағы қоғамдық ұйымдар бизнес-идеяларын қорғап, оны жүзеге асыру үшін 500 мың теңге көлемінде грант жеңіп алды. Жобаға қатысу үшін үміткерлер әлеуметтік жобаларды қолдау қорының сайты арқылы 12 шілдеге дейін онлайн-өтінім берген болатын. ...

Читать далее »

Бесеу көздеген бітім Каспийдің құқықтық мәртебесін айқындауға жол ашады

20170708182326296_big

Жақында Ақтауда Каспий теңізінің жағалауындағы бес ел – Қазақстан мен Ресей, Әзербайжан мен Түркіменстан және Иран Президенттерінің қатысуымен бесінші саммит өтеді. Сарапшылар дәл осы саммитте Каспийдің құқықтық мәртебесін айқындайтын конвенцияға қол қойылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Каспий– ерекше теңіздің бірі. Олай деуіміздің бірнеше себебі бар. Алдымен айтарымыз, әлемдегі өзге теңіздерге қарағанда, бұл – Азия мен Еуропадай қос құрлыққа тең орналасқан ...

Читать далее »