Ежедневные архивы: 27.08.2018

Жылыой ауданында алғаш рет аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтті

WhatsApp Image 2018-08-27 at 16.51.45

Жылыой ауданының 90 жылдығына орай аралас жекпе-жектен (MMA) халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялыр қызметі. Турнирге Дағыстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қарақалпақстан, Қазақстан елдерінен 24 спортшы қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай жарыс аудан деңгейінде тұңғыш рет өткізіліп отыр. – Жылыой ауданы өткен жылдың қорытындысы бойынша, «Ең үздік спорттық аудан» атағын жеңіп алған болатын. Негізінен Жылыой ауданындағы ауылдық округтерде спорт кешендері ...

Читать далее »

«Кселл»-дің республикалық «Digital Life» білім беру жобасы қорытындысын шығарды

maxresdefault

 «Кселл»  коммпаниясының республикалық «Digital Life»  білім беру жобасы 2015 жылы басталған болатын және үш жыл ішінде оған Қазақстанның 17 қаласынан шамамен 8 мың адам қатысты. 298 тегін мастер-класстар өткізілді. «Мобильді медиа», «Мобильді қауіпсіздік», «Мобильді білім», «Мобильді мемлекет», «Мобильді бизнес», «Бизнеске арналған SMM»,  «Әжелер, аталар және смартфон» курсы  – бұл «Digital Life» жобасының 14 тақырыбы ішіндегі ең танымал мастер-класстар. «Digital Life» ...

Читать далее »

Жаздың соңғы күндері ауа райы қандай болады?

96ea433fd8427e27bf6365f2f97fd6c1-1-896x597

Синоптиктер 28-30 тамыз күндерінің ауа райы болжамын жасады. – Қазақстанның батысында ғана жер бетіне жақын антициклон және Кіші Азиядан ыстық ауа ағындарын әкелетін оңтүстік-батыс тропосфера ағындарының ықпалынан күн жауын-шашынсыз болып, ауа температурасы 28…35°С, тіпті кей жерлерде 40°С-қа дейін жетеді, – делінген «Қазгидрометтің» хабарламасында.

Читать далее »

Атырауда «е-ПИК» жобасы енгізіледі

Классикалық блоггинг

Атырауда «е-ПИК» жобасы енгізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат Хабиев мәлім етті. «Аталған жоба «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асады. Мақсаты – кондоминиум объектісін басқарушы органдар мен қала тұрғындары арасындағы дауларды азайту, ПИК қызметіне автоматтандырылған шешім енгізу. Нәтижесінде, тұрғындар үшін қызмет көрсету сапасы жақсарып, жұмыстың айқындылығы артпақ», – дейді Қ.Хабиев. ...

Читать далее »

11 колледж PlatonusCollege электрондық жүйесіне қосылады

WhatsApp Image 2018-08-25 at 17.52.02

Аймақта білім беруді цифрландыру бағдарламасы аясында «жол картасы» әзірленді. Бұл жұмыс облыстың кәсіптік-техникалық колледждерінде жүргізіледі. Бүгінгі таңда бір колледж «PlatonusCollege» автоматтандырылған электрондық жүйесіне қосылған. Жақын арада осы жүйеге тағы 11 колледжді қосу жоспарланып отыр. Бұл жүйе студенттерді оқу орындарына қабылдау үдерісін автоматтандырады және оқу процессінің жүйесін және оқу үрдісін бақылауды жеңілдетеді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Конференцияға ҚР Білім және ...

Читать далее »

1 қыркүйекке дейін екі мектеп пен үш балабақша ашылады

WhatsApp Image 2018-08-25 at 17.52.04

Атырауда 24 тамыз күні дәстүрлі тамыз конференциясы өтті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Жиында білім басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындықтары туралы айтты. – Жаңа оқу жылын мектептер 118 мың 100 бастағалы отыр. Оның ішінде бірінші сыныпта 15 мың 275 бала барады. Білім беру мекемелеріне мектеп оқулықтары мен оқу құралдарын беру үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд ...

Читать далее »