Аула да, подъезд де – бейнебақылауда

«Қазақтелеком» АҚ Батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясы «Подъездерге арналған бұлтты бейнебақылау» қызметін ұсынуда. Аталған жобаға сәйкес байланысшылар осы жылдың аяғына дейін Атыраудағы 142 көп пәтерлі үйге бір жарым мыңдай бейнекамера орнатуды жоспарлаған. Қазір 1314 бейнекамера 657 подъезді қамтыған 131 тұрғын үйге орнатылды. Бұлтты бейнебақылау қызметі абоненттерге нақты уақыт режимінде ұялы құрылғысы немесе дербес компьютері арқылы өз […]

Continue Reading

Мұғалімнің оқуы мен шәкірттің тоқуы бір-бірімен үйлескенде ғана сапа шығады

Мұғалім – мектептегі басты тұлға. Жаңа технологиялардың дамыған кезеңінде де педагогтардың орнын ешкім де, еш нәрсе де айырбастай алмайды. Тек олар бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде өз білімдерін жетілдіріп, толықтырып отыруы қажет. Осы орайда жаңартылған білім мазмұнында мұғалімдердің санаттылығына бірқатар өзгерістер енді. Ағылшын тілінде оқытылатын пәндер үшін педагогтарға тіл меңгеру талаптары қойылды. Осы жұмыс біздің өңірде […]

Continue Reading

«Қарағайдың» қарбызы

Жылыойлық диқандар еккен егін өнімдері пісіп, сауда орындарына, базарларға түсті. Жаз болса, басқа жақтан келетін көкөністен гөрі жергілікті өнімді сатып алуға асығатындар Жем бойындағы «Қарағай» елді мекеніндегі қожалықтар өсірген қарбыз бен қауынды ерекше күтеді. Өйткені бұларды уақытымен піскен экологиялық жағынан таза, нитратсыз өнім деп күтсе,  екіншіден, жемістердің тәтті дәмі тіл үйіреді. Бір қызығы, биыл «Қарағайдың» […]

Continue Reading

11 жасар Дәмелі Асылханова халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

Ол қатысқан жарыстарынан әлі жүлдесіз оралып көрмепті. Соған әбден дағдыланған тәрізді. Әр жарыстағы белдесулері оған құдды кезекті жаттығу жасап жүргендей сезілетіндей. Бойынан ешқандай өзгешелік таба алмай таң қаласың. Сондай сабырлы, бірбеткей, мінезді қалпынан танбайды. Міне, жуырда Башқұртстанның бас қаласы Уфада өткен халықаралық жарыстан қола медальмен оралды. Бұл – қазақтың қаршадай қызы Дәмелі Асылханова. Оның небәрі […]

Continue Reading

Ақылды бизнес ауылды алаламайды

Қызылқоға ауданында екі бірдей тың жоба жүзеге асырылғалы отыр. Әдетте малды өңір аталатын Қызылқоғадағы бұл жобалар жаңа бағытқа бетбұрыс жасауымен құнды. Ауылда ұн өндіреді Аудан орталығы Миялы ауылында тұңғыш рет ұн өндіру цехы іске қосылады. Жобаны жеке кәсіпкер Жұмабай Кадуов жүзеге асыруда. «Жобаның құны – 1 млн. 320 мың теңгені құрайды. Қазіргі таңда кәсіпкер «Бизнестің […]

Continue Reading