Атырауда Республикалық айтыс өтеді

Атырауда көрісу мерекесін ұлықтап, салт-дәстүрдің мәні мен маңызын өлең-жырмен насихаттау мақсатында республикалық аламан айтыс өтпек. “Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып…” атты жыр додасында еліміздің түкпір-түкпірінен келетін ақындар Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында бас қосады. Оның ішінде Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Мұхтар Ниязов, Шалқарбай Ізбасаров, Жәнібек Садыров, Өнербек Дәулекенов, Саягүл Бірлесбек, Бауыржан Ширмединұлы, […]

Толығырақ...

Рейс кешіккен жағдайда жолаушы не істеуі керек?

Қандай да бір әуе компанияның себебінен әуе сапары кейінге шегерілсе, жолаушылардың тиісті компаниядан әр түрлі қолайлықтарды ұсынуға құқығы бар. Бұл туралы “Air Astana” әуе компаниясы Facebook-тегі парақшасында хабарлайды. Сапарды 2 сағаттан артық күткенде: ұзақтығы 5 минуттан артық емес 2 телефон қоңырауы ( халықаралық бағыттар) немесе электрондық почтамен 2 хабарлама жіберу салқындатылған сусындармен қамтамасыз ету. Сапарды […]

Толығырақ...

«Tальго» билеттерін жеңілдікпен алуға болады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап көктемгі қосымша жеңілдіктерді енгізу туралы мәлімет жариялады. Жеңілдіктер пайызы «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарының вагондар класына байлынысты. № 701/702 «Астана-Алматы» пойызының «Гранд» және «Турист» класты вагондарына – 15%; № 703/704 «Алматы-Петропавл» пойызының «Гранд» және «Турист» класты вагондарына – 15%; № 709/710 «Астана-Шымкент» пойызының «Турист» класты вагондарына – 20%; № […]

Толығырақ...

Атырауда жасырын цех табылды

Атырау облысында жасырын екі цехтан 15 тоннадан астам балық табылды. «Балық пен балық өнімдері Исатай ауданы Амангелді ауылындағы және қала маңындағы Ақжайық кентіндегі «Құрметті» ЖК-ға тиесілі қоймалардан табылған. Мұнтаз тектес балық, сондай-ақ мұздатылған, қақталған және ысталған балық тәркіленді. Заңсыз ауланған балықтың жалпы салмағы  15 тоннадан асады. Балықты тәркілеу операциясын Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар […]

Толығырақ...

Атырауда аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді

Атырау қалалық «Құспан молла» мешітінде қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Аталған мешіттің Бас имамы Эммат Ғұмаровтың бастамасымен аз қамтылған отбасы, жалғызбасты санаттағы отыз адамға азық-түлік пакеті тапсырылды, деп хабарлайды Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі. Қайырымдылық пакеттерін мұқтаж жандарға арнайы тапсырған «Құспан молла» мешітінің Бас имамы Эммат Ғұмаров  адамзат арасындағы көзге көрінбейтін бауырмалдылық қасиетті дамыту – исламда құпталатын […]

Толығырақ...

Атырауда заңсыз балық тасымалдаған азаматқа айыппұл салынды

Индер қалашығы тұсында  автокөліктерді тексеру барысы кезінде салмағы 525 килограмм «сазан» балықтары табылды. Бұл туралы Атырау қаласының мамандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлайды. Сот қаулысымен  заңсыз балық тасымалдаған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 24 050 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Алынған балықтар мемлекет пайдасына тәркіленді.   Еңлік СҰЛТАН

Толығырақ...