2018 жылы Жайық өзенінің үстінен тірексіз көпір ашылады (ФОТО)

Атырау облысында 2018 жылы Жайық өзені арқылы өтетін тірексіз көпір құрылысы аяқталады. Махамбет ауданында салынып жатқан көпір жаңа көлік дəлізін құруға жəне облыс орталығын кептелістен азайтуға мүмкіндік береді. Құрылыс барысын  облыс əкімі Нұрлан Ноғаев тексерді,-деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

photo5215209342939277556

Жайық өзені арқылы өтетін жаңа көпір 180 тонна жүк көтереді, ұзындығы – 860 метр, ені – 13 метр. Кірме жолдың жалпы ұзындығы – 8,5 шақырым. Көпір бірегей құрылым бойынша – толықтай бетоннан, тірексіз жасалған.

photo5215209342939277554

Қазір нысанға автокөлік жолы салынған. Құрылыс алаңында жұмыс тиімді болу үшін мобильді бетон зауыты орнатылды. Жүретін жол екі жолақтан тұрады, көпір бойында жаяу жүргіншілер жолы қарастырылған.

photo5215209342939277555

Аймақ басшысы жаңа көпір құрылысы өңірдегі шағын жəне орта бизнестің дамуына серпін беріп, автокөліктерге жаңа көлік дəлізін ашатынын атап айтты. Көпір құрылысы 2018 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

photo5215209342939277557

Нұрлан Ноғаев сонымен бірге ескі Сарайшық қаласының аумағында жүріп жатқан жағаны бекіту жұмыстарын да барып көрді.

Қорғаныс бөгеті құрылысы 2016 жылы басталды, 2018 жылы аяқталады. Бөгет биіктігі – 3 метр, ұзындығы – 1500 метр. Бұл бөгет көне қала орнын су тасқынынан қорғайды.

Екі нысанды аралаған аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Айдос Қарабала

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*