Атырауда уақытша көлік қозғалысы шектеледі

14 наурыз «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форумының өтуіне орай, көлік қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөзі хабарлайды.

11629436

Қ.Сатпаев даңғылы мен И.Тайманов даңғылынан бастап, Б.Жарбосынов көшесіне дейін және Б.Құлманов көшесі мен Қ.Ерниязова көшелерінің қиылысын, сондай-ақ,  Б.Құлманов көшесінде орналасқан «Қазкоммерцбанк» ғимаратының алды  көлік қозғалысы үшін уақытша жабылады.

Қозғалыстың тежелу уақыты ағымдағы жылдың 14 наурыз күні сағат 09.00-ден басталып, сағат 13.00-ге дейін және 19.00-ден 22.00-ге дейін созылады.

 

Еңлік СҰЛТАН

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*