100 жасау үшін не істеу керек?

Әрбір адам келесі ережелерді орындай отырып, денсаулығын бірқалыпта ұстай алады.

image18931

Бірінші 

Салауатты өмір салтын ұстану. Физикалық жаттығу жасамау адам өмірін 4 жылға азайтады екен. Физикалық жаттығулармен айналыспайтын адамдар жүрек ауруларына шалдығуы әбден мүмкін.

Екінші 

Холестерин деңгейін білу және бақылап отыру. Қандағы холестерин мөлшерінің көп болуы майды жинап, адамның қан тамырларын бітеп, қан айналысын баяулатады. Соның әсерінен адам жүрек ауруларына шалдығады. Себебі жүрекке қан нормада бармайды.

Үшінші 

Денсаулыққа пайдалы диетаны ұстану. Дұрыс тамақтану адам өмірін ұзартудың бірден-бір кепілі. Бұл ережені ұстанудың аса бір қиындығы да жоқ. Дәрігерлердің айтуы бойынша, салауатты өмір сүру үшін жемістер мен көкөністерді жиі қолдануы керек.

Төртінші 

Қан қысымын білу және қадағалау. Жоғарғы қан қысымы адам өміріне қауіпті болып келеді.

Бесінші 

Салмақты арттырмай қадағалау. Артық салмақ түрлі аурулардың басты себебі. Семіздік немесе май басу адам өмірін 4 жылға азайтады екен.

Алтыншы 

Қант диабетіне байланысты қауіптің алдын-алу. Қани диабеті ауруымен ауырған кезде адамның қан қысымы тез көтеріліп, жүрек ауруларына алып келеді.

Жетінші 

Темекі шекпеу. Жыл сайын он мыңға жуық адам темекінің әсерінен жасына жетпей көз жұмады. Адам темекі тартуды қойғаннан кейін оның жүрек соғысы өз қалпына келе бастайды екен.

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*