10 ТОННА БЕКІРЕНІ ӨҢГЕРІП АЛЫПТЫ

 

Он тонна жүкті тіркемелі «ДАФ» көлігіне тиеп алып, елімізден Ресей жеріне қарай жол тартып бара жатқан 29 жастағы адамның қимылы қазақстандық шекарашыларға сезікті болып көрінді. Жүкке арналған құжаттарын мұқият тексеру барысында шекарашылардың күдігі бекер болмай шықты. Құжат бойынша автокөлікке тиелген жүк балық қалдықтары болуы керек еді. Ал, тексере келгенде ол ешқандай да қалдық емес, керісінше,  бекіре тұқымдас балық болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша 2016-әскери бөлімінің анықтау бөлімі жұмыс істеуде деп хабарлайды ҚР ҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі. 

А.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*