1 қыркүйекке дейін екі мектеп пен үш балабақша ашылады

Атырауда 24 тамыз күні дәстүрлі тамыз конференциясы өтті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-08-25 at 17.52.04

Жиында білім басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындықтары туралы айтты.

Жаңа оқу жылын мектептер 118 мың 100 бастағалы отыр. Оның ішінде бірінші сыныпта 15 мың 275 бала барады. Білім беру мекемелеріне мектеп оқулықтары мен оқу құралдарын беру үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд 540 млн теңге бөлінді, – деді Қайырғали Кенжеғалиев.

Биылғы жылы 186 мектепті жөндеуге 328,2 млн. теңге бөлінді және капиталды жөндеуге 2 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. 18 білім беру мекемесінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Биыл 23 білім беру мекемесінде құрылыс жүргізілуде. 1 қыркүйекке дейін екі мектеп пен үш балабақша ашылады деп күтілуде. Қалғандарын жылдың аяғына дейін пайдалануға береміз деп жоспарланып отыр, – деді Қайырғали Кенжеғалиев.

Айта кетейік, мектепке дейінгі 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 94,2% құрайды. Жаңа мекемелердің пайдалануға берілуі – келесі жылы балаларды балабақшалармен 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*