1 маусымнан бастап қазақстандықтардың жалақысы өседі

Ел жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам Әлеумет әлеуеті

Atr.kz/ 10 сәуір, 2019 жыл. Мәжіліс депутаттары сенат енгізген өзгерістерді қолдап дауыс берді.

Бүгін Парламент «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгертулер енгізді. 1 маусымнан бастап мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы көтеріледі.

Мәжілістің жалпы отырысында қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Серік Құсайынов бұл заңға сәйкес қазақстандықтардың жалақысын артатынын атап өтті.

«Сенат енгізген өзгертулер мемлекет басшысының мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын өсіруді 1 шілдеден 1 маусымға жылжыту тапсырмасын орындауға бағытталған. Республикалық бюджет шығынын 38 миллиард теңгеге арттыру ұсынылып отыр», – деді мәжіліс депутаты.

Мәжіліс депутаттары сенат енгізген өзгерістерді қолдап дауыс берді.

Дереккөз: Almaty.tv

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *