Лаң салған лаңкес құрықталды

bed3ec631ae7add7a899f7214f74078d XL Құқық

Лаңкестік әрекет жасады деген күдікке ілінген азамат Түркиядан Атырауға жеткізілді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

bed3ec631ae7add7a899f7214f74078d_XL

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратура қызметкерлері енді Елдос Күншығаровты қылмыстық жауапкершілікке тартпақ. Бас прокуратура таратқан мәліметке қарағанда, Күншығаровтың 2011 жылдың қазан айында Атырау қаласында болған лаңкестік әрекетке қатысы бар болуы мүмкін. Осы оқиғадан кейін күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған еді. Қазір ол Атырау қаласындағы тергеу абақтысында отыр. Енді сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталмақ.

Естеріңізге сала кетейік, аталған азамат халықаралық лаңкестік ұйым қатарында Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы Солтүстік Уәзірстан аймағында қарулы қақтығыстарға қатысуы мүмкін тоғыз күдіктінің бірі ретінде іздестірілген болатын. Бұған дейін олардың үшеуі ұсталып, алды 14 жылға, соңы 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Қалған бесеуінің тағдыры әзірге белгісіз.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз