Атыраулықтарға мыңдаған​ көшет​ тегін таратылмақ

IMG 20190405 WA0009 Жаңалықтар

Atr.kz/5 сәуір, 2019 жыл.Акцияға қалалық билік бастамашы болып отыр және​ ол облыс орталығын көгалдандыруға бағытталған.

Атырау қаласының әкімі Әлімұхаммед Құттұмұратұлының тапсырмасымен, кезекті жалпықалалық сенбілік қарсаңында тұрғындарға көшеттерді тегін беру ұйымдастырылады. Аталмыш​ акция облыс орталығын көгалдандыруға бағытталған және дәстүрге айналмақ.

– Қаланы көгалдандыру – жергілікті билік органдарының ғана емес, Атырау тұрғындарының да басым ​ міндеттерінің бірі. Жыл сайын ағаштар бір жерге​ отырғызылады, уақытында суарылмайды және дұрыс күтім жасалмайды деген қала тұрғындарының шағымдары әлеуметтік желілерде жиі кездеседі. ​ Бұл жолы біз тұрғындарға өздері бастама көрсетіп, көшеттерді өздері қалаған жерге отырғызуды ұсындық, – деді қалалық үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Ұзақ Тұсаев.

Ұзақ Тұсаевтың айтуынша, көшеттерді тарату барысында тұрғындарға​ ағаш отырғызу ұсынылатын жерлер ескертіледі. Бұл, негізінен, қаланың әлеуметтік мекемелері – балабақшалар, мектептер, емханалар және ауруханалар.

IMG 20190405 WA0012

Көшеттерді тарату акциясы​ 18 және 19 сәуірде «Арнаулыавтобаза» ЖШС аумағында, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін өткізілетінін атап өтеміз. Ағаштарды отырғызу – сенбі, 20 сәуірге жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 16 наурызында Атырауда екі айлық санитарлық-тазалық науқаны басталды. Егер бұған дейінгіжалпықалалық сенбіліктер«Таза жағалау» акциясыаясында өткізілсе, келесі сенбіліктероблыс орталығынкөгалдандыруға арналатын болады.

Дереккөз: Атырау қаласы әкімдігінің​ баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз