Редакция құрамы

n koshiev 1

«Атырау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы
ҚОСШИЕВ Назарбек Төлеуішұлы

1976 жылдың 24 тамызында дүниеге келген. Бiлiмi – жоғары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің филология және экономика факультеттерін бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Қызылқоға ауданы Энгельс атындағы кеңшардың жұмысшысы болып бастаған. 1993-2020 ж.ж. – Атырау облыстық телерадиокомпаниясы, кейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау филиалының бейнемонтаждаушысы, телеоператоры, дикторы, Атырау қалалық телеарнасының жауапты редакторы, телекомментатор, аға редактор, телеарнаның Индер ауданы бойынша штаттан тыс тілшісі, шеф редактор, продюсер, директордың орынбасары-бас редактор.
Әр жылдары облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің бөлім редакторы, облыстық «InterYes» жастар газетінің бас редакторы, «Атырау-Ақпарат» КМК мониторинг және сапа менеджменті бөлімінің бастығы, «Атырау TODAY» газетінің бас редакторы (қосымша), Индер аудандық «Дендер» газетінің бас редакторы; мемлекеттік қызмет саласында – Атырау қаласы әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, Индер ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру, кадрмен жұмыс және мемлекеттік құқық бөлімінің бас маманы, аудан әкімі аппараты мемлекеттік құқық, төтенше жағдайлар және кадрмен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Индер аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, Атырау облысы әкімі аппаратының бас маманы-баспасөз хатшысы болып жұмыс жасаған.

Атырау телевизиясы тарихында бірнеше ақпаратты-сараптау бағдарламалардың идеялық авторы әрі жүргізушісі, көптеген телехабарлар мен циклдардың, «Хазардан – Қазаққа дейін…» тарихи-мәдени телеэкспедициялық жобасы, бірнеше тарихи-танымдық бейнефильмдердің авторы. Оннан астам тарихи-танымдық кiтаптардың авторы, бірнеше энциклопедиялық жинақтардың құрастырушысы.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, Атырау облысының және Қазақстан Журналистер Одағының Құрмет грамоталарымен, көптеген алғыс хаттармен марапатталған. Халықаралық «Шабыт-2004» фестивалiнiң дипломанты, профессор Т.Амандосов атындағы Атырау облысы әкімі сыйлығының иегері.


azamat1

«Атырау» қоғамдық-саяси газеті бас редакторының орынбасары
БАЗАРБАЕВ Азамат Сансызбайұлы

Индер ауданында 1973 жылы 13 тамызда дүниеге келген.

Еңбек жолын Индер аудандық «Дендер» газетінде корректор болып бастаған. Одан соң шекара әскері қатарында Отан алдындағы борышын өтеп, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін бітірген. 1998-2006 ж.ж. – облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі, бөлім редакторы. 2006 жылы – республикалық «Алтын Орда» апталық газеті бас редакторының орынбасары. Бұған дейін – «Атырау» газетінің бөлім меңгерушісі.

Республикалық С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты. Атырау облысы әкімі Алғыс хатының, облыстық прокуратура, сот, ішкі істер департаменті басшылығы арнайы сыйлықтарының иегері. «Теңізшевройл» ЖШС ұйымдастырған журналистер арасындағы конкурстардың бірнеше мәрте жүлдегері.


zhake

«Атырау» қоғамдық-саяси газетінің жауапты хатшысы
МҰХАМБЕТАЛИЕВ Дәурен Қуанышұлы

1987 жылы 6 маусымда Мақат ауданының Доссор кентінде дүниеге келген.
Еңбек жолын 2006 жылы Мақат ауданындағы «Мұнайшы» газетінде көркемдеуші-дизайнер қызметінен бастаған. 2007 жылдан облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы дизайнерлер цехының басшысы, жауапты хатшының орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылдың наурыз айынан – «Атырау» газетінің жауапты хатшысы.

Үлгілі қызметі үшін Атырау облысы және қаласы әкімдерінің, салалық құрылымдардың Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие болған.


tamara t

Хатшы-референт – ТАЙТЕКОВА Тамара Маратқызы

1971 жылы 11 қыркүйекте Гурьев қаласында туған. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «физика-информатика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген (2000).
Облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінде 1995 жылдан бері еңбек етеді. Редакция курьері, теруші, хатшы-референт болып жұмыс жасаған. Қазір – «Атырау» газеті редакциясының хатшы-референті.


amandyq sagyntajuly

“Atr.kz” сайтының редакторы

АБДОЛ Амандық Сағынтайұлы

1990 жылы 3 наурызда Атырау қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2010 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің теле-радио орталығында тілші болып бастаған. 2012 жылы аталған оқу орнын тәмамдап, тамыз айында облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетіне тілші болып қызметке қабылданды. Бұдан бөлек, «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің жанынан құрылған «Шежіре» шығармашылық орталығында редактор, «Жаңа медиа» бөлімінде аға тілші болып еңбек етті. Ал, 2021 жылдан бері – «Atr.kz» сайтының редакторы.

2012 жылы Атырау қаласы әкімінің Алғыс хаты, 2015 жылы «Ең үздік жас журналист» аталымы, 2018 жылы республикалық «Алтын қалам» сыйлығы, «ТШО» мекемесінің шығармашылық байқауларында «Жас қалам», «Үздік мақала авторы» номинациялары және басқа да көптеген марапаттарға ие болды. «Жас Отан» Жастар қанаты съезінің үш мәрте делегаты. 2014 жылы «Бақыт биігіндегі бір күн» атты тұңғыш әңгімелер мен жыр жинағы жарық көрді. 2015-2016 жылдары «Сезім» жас ақындар антологиясы мен «Алау жыр» жас ақын-жазушылар жинағына таңдаулы туындылары енді. 2012 жылдан бері Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі.


img 20220405 wa0077

Арнаулы тілші

ҚУАНЫШЕВА Мәлике Мәлікқызы

1987 жылы 1-ақпанда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылында өмірге келген. 1993-2004 жылдар аралығында Қызылқоға ауданы, Тасшағыл орта мектебінде білім алды. 2004-2008 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) тарих-филология факультетінде журналистика мамандығы бойынша оқып, білім ордасын қызыл дипломмен тәмамдады. 2008-2010 жылдары «Atyrau today» газетінде тілші қызметін атқарды. 2011  жылдан бастап Облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетінің құқық қорғау және экология бөлімінде тілші болып қызметке орналасты. 2013 жылы Облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетінің  қоғамдық-саяси бөлімінде  аға тілші, 2019 жылы аталған бөлімнің шолушысы болды. 2020 жылдан бері осы газетте арнаулы тілші қызметін атқарады.

Аталған еңбек жолында «Бірлігіміз жарасқан», «ArmanDASTAR» газет қосымшасын шығарып, әркез қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғаған сараптамалық мақалалары жариялап келеді. Осы жылдар аралығында бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байқаулардың жүлдегері атанып, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, облыс әкімі, облыстық мәслихаттың «Алғыс хаттарын» иеленді. 2019 жылы жастар саясатын жүргізуге қосқан үлесі, елеулі еңбегі үшін «Атырау жастарының Алтын кітабына» енді.


gulzhan a 682x1024 1

Қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени мәселелер жөніндегі шолушы

ӘМІРОВА Гүлжан Тасболатқызы

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы республикалық «Алтын Орда» газетінде тілші болып бастап, жауапты хатшы, бөлім редакторы, шеф редактор қызметтерін атқарған. 2012 жылдан – облыстық «Атырау» газетінде бөлім редакторы, жауапты хатшы, әдеби редактор, бас редактордың орынбасары.


img 20220411 wa0013

Экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелер бөлімінің шолушысы

САБЫРОВА Айбөпе Мұратқызы

1987 жылы 19маусымда Атырау қаласында дүниеге келген. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын облыстық жастар Қауымдастығында баспасөз хатшысы болып бастаған. Әр жылдары тәуелсіз «Мұнайлы астана» апталығы, Атырау облыстық телеарнасында тілші, «Атырау Innovations» мекемесінде баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған. 2007 жылдан бастап облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, шолушы болып жұмыс істеп келеді.

Журналистер арасында өткен республикалық байқаулардан «Үздік қазақ тіліндегі публикация» («Даму» қоры, 2003 жыл), «Еркін сөз-2019»-ден жүлделі ІІ орынды жеңіп алған. Облыстық деңгейдегі Т. Жауырұлы атындағы конкурста ІІІ орын, сыбайлас жемқорлық тақырыбын жазып жүрген тілшілер арасындағы байқауда І орын иеленген.


dau

Экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі аға тілші

АРУЕВ Дәулетқали Латифұлы

1963 жылғы 25 маусымда Махамбет селосында дүниеге келген. Махамбет (қазір Е.Ағелеуов атындағы) орта мектепті (1980), Атырау теміржол-көлік техникумын (1983), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1992) бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Махамбет аудандық «Жайық  шұғыласы» газеті редакциясының корректоры болып бастап, әдеби қызметкер, радио хабарларын ұйымдастырушы, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1993-1996 ж.ж. – Балықшы аудандық «Каспий таңы» газеті бас редакторының орынбасары-жауапты хатшы, «Балықшы» телеарнасының редакторы, 1996-2007 ж.ж. – облыстық «Атырау» газетінің бөлім редакторы, 2007-2012 ж.ж. – Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің бас редакторы. 2012-2016 ж.ж. – облыстық «Атырау» газетінің жоғары санатты тілшісі, экономикалық және әлеуметтік мәселелер бөлімінің меңгерушісі. 2016 жылғы сәуір-желтоқсан – Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің бас редакторы.

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, профессор Т.Амандосов атындағы Атырау облысы әкімі сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасы салалық кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен, Атырау облысы және қаласы, Исатай ауданы әкімдерінің Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.


Экология және құқықтық мәселелер жөніндегі аға тілші

Майра Оразғалиева


Экология және құқықтық мәселелер жөніндегі аға тілші

ӨТЕУҒАЛИ Рита Жайғалиқызы

1985 жылдың 8 желтоқсанында Қызылқоға ауданы Миялы селосында дүниеге келген. Аталған ауданның Қоныстану ауылындағы Жаңашаруа орта мектебінде білім алған. 2003-2007 Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті  мамандығын үздік дипломмен аяқтаған. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде де білім алып, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын меңгерген. Еңбек жолын 2008 жылы облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетінде корректор болып бастаған. 2010 жылдан бері аға тілші болып еңбек етіп келеді.


liza

Қоғамдық-саяси және әлеуметтік- мәдени мәселелер жөніндегі тілші
СЕЙТІМОВА Лиза Шайхашқызы

1963 жылы Гурьев қаласында дүниеге келген. Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.

Еңбек жолы 1985 жылы Маңғыстау облысында мектеп мұғалімі болып бастады. 1990 жылдан – облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі, бөлім редакторы, аға тілшісі.
Журналистер арасындағы «Жүректен – жүрекке» Ұлттық байқауының жеңімпазы (2000), республикалық «Премьер-сақтандыру» конкурсының жүлдегері (2005), Атырау облысы әкімінің «Үздік журналист-2004» номинациясының иегері. Профессор Т.Амандосов атындағы Атырау облысы әкімі сыйлығының лауреаты.


almas k

Экология және құқықтық мәселелер жөніндегі шолушы

ҚАБДОЛОВ Алмас Бауыржанұлы

1990 жылы 21 сәуірде Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Абай ауылында (Жамбыл ауылдық округі) дүниеге келген. Ауылдағы Қаракөл орта мектебінде оқып, кейін Мақат ауданы, Доссор кентіндегі Б.Ү.Қанатбаев (бұрынғы В.Г.Белинский) атындағы орта мектепті тәмамдаған.
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген.
Еңбек жолын университет қабырғасында жүріп, Мақат аудандық «Мақат тынысы» қоғамдық-саяси газетінде тілші болып бастаған. Бұдан кейін «АтамекенЭлектроСервис» ЖШС-де, Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде келісімшарт негізінде жұмыс істеді.

Үлгілі қызметі үшін Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты, «Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалының Алғыс хаты, Мақат ауданы әкімінің Алғыс хаты, салалық құрылымдардың Алғыс хаттарымен марапатталған.



saya 1024x680u.u.u.

Аға бет құрушы
РАМАЗАНОВА Сая Сағынғалиқызы

1980 жылы 1 қаңтарда Құрманғазы ауданы, Нұржау селосында дүниеге келген. Атырау агротехникалық колледжін «бухгалтер-экономист» мамандығы бойынша (1999), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «қаржы және несие» факультетін (2007) бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Атырау облыстық мектеп-интернатының есепшісі болып бастаған. 2002-2006 ж.ж. – «Газета «Туран» ЖШС-нің дизайнер-бет құрушысы, 2006 жылдан – облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің дизайнер-бет құрушысы.


aina

Бет құрушы

ЖОЛДЫБАЕВА Айнагүл Николайқызы

1974 жылы 26 каңтарда Атырау қаласында дүниеге келген. №15 Абай атындағы орта мектепті бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің корректоры болып бастаған. Кейін редакцияның терушісі, бірінші санатты бет құрушы-дизайнері қызметтерін атқарған.

Үлгілі қызметі үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Құрмет грамотасымен, Атырау облысы және қаласы әкімдерінің, салалық құрылымдардың Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталған.


gnege

Фототілші

Алтыбаев Ерлан Сәкенбайұлы

1972 жылы 13 желтоқсанда Махамбет ауданы, Таңдай селосында дүниеге келген. А.С.Пушкин атындағы Орал мемлекеттік педагогикалық институты «бейнелеу өнері» факультетінде оқыған. 2000 жылдан – облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің беттеуші-дизайнері, фототілшісі.


klara

Теруші
ЕЛЕУСІНОВА Клара Сейітжанқызы

1968 жылы 6 желтоқсанда Гурьев қаласында дүниеге келген. Н.К.Крупская атындағы орта мектепті бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық «Коммунистік еңбек» («Атырау») газетінің редакциясында машинистка болып бастаған. 1997 жылдан – облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газеті компьютер цехының терушісі, хатшы-референт.


ЕАС 203

Корректор
ӘБІЛХАЙЫРОВА Эльмира Жолдасқызы

1976 жылы 5 қарашада Балықшы поселкесінде дүниеге келген. Ә.Жангелдин атындағы орта мектепті, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау педагогикалық университетін «ұлттық мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша (1998) бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Балықшы аудандық «Каспий таңы» газетінің тілшісі болып бастаған. 2002 жылдан – «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының (кейін – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) қызметкері, облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің корректоры.


ЕАС 203+01

Корректор
ШОМАЖАНОВА Алтын Қайырлықызы

1974 жылы 13 шілдеде Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 1997-2005 ж.ж. – Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясының мұғалімі. 2006 жылдан – облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің корректоры.

Атырау газеті