Нұрсая ықшамауданындағы тұрғын үйлерді жылыту мəселесі шешімін тапты

Нұрсая ықшамауданының тұрғындары «Атырау облысы əкімдігінің» чат-каналына тұрғын үйлердегі жылу мен ыстық су  беруді реттеу туралы өтініш қалдырған,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG-20171208-WA0014

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бір ай бойы жүргізілген жылу қазандықтарындағы жоспарлы алдын алу жұмыстарынан кейін крандағы ыстық су температурасы біраз төмендеген, ал салқын түсісімен үйлердегі батареялар пəтерлерді жылытпаған.

IMG-20171208-WA0015

Тұрғындардың сауалдары бойынша қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен «Тұрғын үйлерді коммуналдық жылыту» ЖШС  басшылары аталған мекен-жайларға барып, проблемалармен танысты, шешу жолдары жөнінде шешім қабылдады.

Белгілі болғандай, бүгінге дейін учаскедегі үйлерді екі қазандық жылытып келген, ал жақында екінші қазандықтың басқару пульті істен шыққан. Тұрғындар шағымы бойынша ТКШ бөлімі басшылары шұғыл шаралар қабылдауға мəжбүр болды.

IMG-20171208-WA0013

— Жаңа басқару панелі әлі басқа қаладан жеткізілмегендіктен, екінші қазандықты тікелей қосуға тура келді, енді ол механикалық режимде жұмыс істейді. Сол себепті, кеше кешкі сағат 18.00-де № 67 үйдің тұрғындары және басқа да жылусыз отырған үйлер жылумен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта пәтерлерге жылу берілді, — дейді Атырау тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Өмірбек КАМАЛОВ.

Айта кетейік, қазір қазандық 60 мың шаршы метр аумақты, яғни 1902 пəтерді жылытып отыр. Бүгін тұрғындар шағымы бойынша «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС қызметкерлері пəтерлерді аралап, батареялардағы жылу деңгейі тексерілді.

Айқара Ғұмар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*